«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Меценат ретіндегі «ПМХЗ» ЖШС атауы аймағымызда кеңінен танымал. Түрлі санаттағы адамдардан кәсіпорын басшылығына айтылған алғыс сөздерді естуге болады. Олардың арасында жетім балалар, соғыс ардагерлері, зейнеткерлер мен спортшылар.

Көптеген жылдар бойы ПМХЗ жетім балаларға арналған Песчан мектеп интернатына қорғаншылық етіп келеді. Жыл сайын 1 миллионнан астам теңгені зауыт қамқорлығындағы балаларға жәрдемдесуге: жаңа жылдық сыйлықтар, киім, спорттық мүкәммал, кеңсе заттарын сатып алуға жұмсайды. ПМХЗ жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысып, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балаларға көмек көрсетеді.

1.jpg 2.jpg   3.jpg

Кәсіпорын еңбек ардагерлеріне үнемі жәрдем көрсетеді. Көмек Қарттар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу кезінде ғана көрсетілмейді, сонымен қатар ақшалай қаражат ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, сырқаттанған зейнеткерлерге бару және мерейтой иелерін құрметтеу үшін де бөлінеді. Жыл сайын бұл мақсаттарға 10 млн. теңге жұмсалады.

2010 жылы ПМХЗ мамандандырылған бокс залына қайта жаңарту жұмысын жүргізді, ал 2011 жылғы желтоқсанда – спортшылардың жаттығуы үшін барлық жағдайлар жасалған бокс орталығын салып берді. 2012-2013 жылдары кәсіпорын бес мөлтек ауданда заманауи спорт және балалар алаңдарын салды.

4.jpg  6.jpg 5.jpg

Зауыт спортты қолдау жөніндегі облыстық бағдарламаларға белсенді қатысуда. ПМХЗ – «Ертіс-ПМХЗ» хоккей командасының, «Ертіс» әйелдер баскетбол командасының бас демеушісі. Уақытылы қаржылық қолдау арқасында павлодарлық спортсмендер жоғары нәтиежеге жетті.