«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Ең үздік қолжетімді техникалар: 

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау үшін «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кешенді экологиялық рұқсат алу жұмысын жүргізеді.
Кешенді экологиялық рұқсат – бұл қолжетімді ең үздік техникаларды қолдана отырып, қоршаған ортаның ластануын кешенді түрде болдырмауға, теріс техногендік әсерді азайтуға және бақылауға бағытталған құжат.
ҚР Экологиялық кодексінің 113-бабына сәйкес ең үздік қолжетімді техникалар (бұдан әрі - ЕҚТ) деп қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және озық даму сатысы түсініледі, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады.
2021 жылы жүргізілген кәсіпорынды бағалау нәтижелері негізінде сараптамалық топ «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС технологиялық үдерістерінің ЕҚТ қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды берді, қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша технологиялық нормативтердің еуропалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін көп ЕҚТ енгізу жағдайы атап өтілді.
Бұл ретте «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоршаған ортаға әсерді азайтатын техникалар мен іс-шараларды белсенді түрде енгізуді жалғастыруда.
2023 жылдың негізгі іс-шаралары:
- «Битум шығару қондырғысының пешін салу» жобасын іске асыруды аяқтау;
- «Сумен жабдықтау және кәріз цехының 1 биологиялық тазарту жүйесінен кейін сүзгіленген ағындар станциясын салу» жобасын іске асыруды бастау.