«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
18.06.2020
155 просмотров
ПМХЗ-ның тәжірибелі донор жұмыскерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Қан – өмір өзені, адам үшін маңызы зор сұйықтықты сақтайтын мемлекеттік мекемелерде қан жеткілікті көлемде болса, онда қанды қажет ететін көптеген адамдар өмір сүруге және сау болуға мүмкіндік алады. Қан донорлары - әдетте, осы құнды затты тапсыратын адамдардың терең ойлы болуының белгісі. Ондай адамдар зауытта жеткілікті.

Зауыт жұмысшылары және «ПМХЗ» ЖШС сервистік компаниялардың жұмыскерлері қан құюды қажет ететін жақын адамдарына көмек сұрайды.

Кәсіпорында әрдайым әріптестеріне көмектесетін еріктілердің болғаны қуантады.

Биыл тәжірибелі донорларды – біздің кәсіпорынның жұмыскерлерін алғыс хаттармен атап өтті. 11 маусым, Донор күні қарсаңында – «Павлодар облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ПМХЗ қызметкерлері - Александр Портяник пен Якобс Сергеевске және басқа да донорларға ризашылықтарын жеткізді.

Қан донорының күні әлемде 2005 жылдан аталып өтуде. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ - 1868 жылы 14 маусымда австриялық дәрігер, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Ландштейнер дүниеге келді. Ол алғашқы үш түрді анықтады, оның әріптестері төртінші түрін ашты. Кейінірек І топтағы қанды кез-келген топтағы пациенттерге, ал IV топтағы пациенттерге кез-келген басқа қанды құюға болатындығы дәлелденді.

Биыл Дүниежүзілік донорлар күніне арналған акция «Қауіпсіз қан өмірді сақтайды» тақырыбына арналған және «Дені сау әлем үшін қан тапсыр» ұранымен өтті. Акцияның мақсаты әр донордың айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі болды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу