«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
14.06.2020
192 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС жөндеуден кейін толықтай режимге шықты.

2020 жылғы 14 маусымда Павлодар мұнайхимия зауыты жоспарлы - алдын алу жөндеуден кейін технологиялық режимге толықтай шықты.

Жөндеу кезеңінде 25.04.2020 - 2020 жылғы 14. 06. аралығында 2020-2021 жылдары кәсіпорынның қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылданды.

Ірілерінің бірі: К-101, К-103 бағандарының ішкі құрылғыларын ауыстыру, П-101, П-102 технологиялық пештерін иректүтіктерін ауыстырумен жөндеу, мұнайды терең өңдеу өндірісінің ПK-101/2 поршеньдік компрессорлы жөндеу болды. Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу қондырғысында адсорбенттер қайта жүктелді.

ЛК-6У кешенінің С-300/1 секциясында БӨАжәнеА құралдарына модернизациялау жүргізілді. Моральдық тұрғыдан ескірген және физикалық тұрғыдан тозған пневматикалық құрылғылар қазіргі заманауи электронды құрылғылармен алмастырылды.

«С-300/1 секциясы БӨАжәнеА құралдарын модернизациялау» жобасына сәйкес 95 дана жаңа барлық құрылғылар таратылған басқару жүйесіне алынды, бұл осы секциядағы технологиялық процесті орталықтандырылған бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Тоқтатылған технологиялық процесс кезінде орындалған барлық монтаждау және іске қосу жұмыстары толығымен орындалды. Жоспарлы-алдын алу жөндеулер кезінде қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік ережелері мен талаптарына сәйкес техникалық куәландыру, тексеру, зерттеу, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сауыттардың өндірістік қауіпсіздігін сараптау (329 бірл.), технологиялық құбырлар - 1152 бірл., технологиялық пештер, технологиялық жабдықтар мен құбырлардың қабылданбаған элементтері мен құрылғыларын жөндеу және ауыстыру жұмыстары орындалды. Жөндеу жұмыстары коронавирус карантині кезінде жүргізілуіне байланысты зауытта барлық алдын-алу шаралары қамтамасыз етілді.

5e05c0c3-8bee-4286-8ed9-fb20cf5c15af для сайта.jpg

Мердігерлердің мамандарын және материалдар мен жабдықтарды уақтылы жеткізу үшін көп күш жұмсалды.

Жұмысқа тартылған шақырылған мердігерлік ұйымдардың барлық жұмыскерлері ПТР- талдаудан өтті, температуралары өлшенді, барлық жабдықтар, құбырлар және кәсіпорын аумағына тасымалданған көліктер залалсыздандырылды.


Жабдықтарды залалсыздандыруды мердігер компаниялар «СК Intra»ЖШС және «Тоталь Сервис» ЖШС мердігерлік компаниялар жүргізді. Жабдықтарды куәландру мен өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын мамандандырылған ұйымдардың мысалы: «Incomcompany» ЖШС, «Казпромбезопасность ПВ» ЖШС және «ҒӨБ Дефектоскопия» ЖШС (Қарағанды) қатысуымен өткізілді. Металл конструкциялар мен кәдеге жарату қазандықтарына - «Гормонтажпроект» ЖШС (Қарағанды) зерттеу жүргізілді. Технологиялық жабдықтарға жөндеулерді «Мегастройплюс» ЖШС, «Альянсстроймонтаж» ЖШС (Шымкент қ.), Жөндеу-монтаж басқармасы (Шымкент қ.), «Берт» ЖШС, «Нефтегазстрой ПВ» ЖШС жүргізді.

7b0c6add-6045-433e-ba99-d67756f46255- для сайта.jpg

Жөндеу -2020 кезеңінде, 2019 жылы басталған жұмыстар ЭЛОУ-АТ С-100 және С-300 секциясының технологиялық жабдықтарын одан әрі қауіпсіз пайдалану мақсатында мұнайдың бастапқы өңдеу өндірісі дизельді гидротазарту қондырғысында жалғасуда. Бұл секциялар үшін 2019 жылы «Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты» АҚ» компаниясы коррозияны бақылау жөніндегі паспорттын әзірледі және   аудитін жүргізді.

2020 жылы бұл жұмыстар нафта гидротазарту С-200/1 учаскелері үшін, мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің С-200/2 каталитикалық риформинг, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің баяулатып кокстеу және коксты қыздыру қондырғысында жүргізілуде.

Қазіргі уақытта зауыт қалыпты режимде жұмыс істейді. Барлық қабылданған іс-шаралар жобалық деңгейде өндірістік қауіпсіздікті сақтауға, зауыт шығаратын мұнай өнімдерінің сапасын сақтауға және қажетті экологиялық көрсеткіштерге сәйкес келуге мүмкіндік береді.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу