«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.06.2020
152 просмотров
ПМХЗ Павлодар қаласының санитарлық тазарту жұмыстарына қатысты

2020 жылғы 19 маусымда «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС және сервистік компаниялар Павлодар қаласын санитарлық тазарту айлықтарына белсенді қатысты.

Жұмыскерлер Торговая көшесінен № 20 автомобиль жолына дейінгі жалпы ұзындығы 8 км болатын учаскені тазалады.

Айлыққа: «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «МегаСтройПлюс» ЖШС, «Energyservice-pvl»ЖШС, «КПБ ПВ» ЖШС, «ӨртСөндіруші» АҚ, «Тотал Сервис» ЖШС, «SANTRADE Компаниясы» ЖШС, «ПродМастер ПВ» ЖШС,«КИНГ»АҚ, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС, «2S GROUP» ЖШС, «IQS-Engineering»ЖШС 240 жұмыскерлері қатысты

Айлыққа арнайы техника: төрт КамАЗ, екі ожаулы жүк тиегіш, екі жүк, жолаушы тасушы көлік бірлігі   және бір жеңіл автомобиль тартылды.

6.JPG

Аумақ қоқыс пен өлі ағаштардан тазартылды. Жиналған қалдықтардың көлемі 12 тоннаны құрады. Қалдықтар жалпы қалалық қоқыс жинау орнына тасымалданды.

Зауыттың және сервистік компаниялардың жұмыскерлерімен Павлодарды санитарлық тазарту жөніндегі барлық жұмыстар алдын алу іс-шараларына сәйкес жүргізілді: маска, қолғап, әлеуметтік қашықтық сақталды).

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу