«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
26.06.2020
210 просмотров
Павлодар мұнай өңдеушілері Абайды оқиды

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойына орай ПМХЗ жұмыскерлері Абай оқуларын өткізді.

Оған мұнайды терең өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы Маулен Қанатбеков («Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңін), 

Маулен Канатбеков.jpg

мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі қондырғысының бастығы Олжас Сейтмұхамбетов («Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»),

Олжас Сейтмухамбетов .jpg

 күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығының технологиялық қондырғылар операторы Дәулет Тиштенов («Күз»), 

Даулет Тиштенов.jpg

зерттеу зертханасының инженері Ернұр Асылбеков («Жігіт сөзі»), 

Ернур Асылбеков.jpg

орталық зауыт зертханасының инженері Маржан Ахметова («Жүрегім нені сезесің»), 

Маржан Ахметова.jpg

күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығының технологиялық сорғылар машинисі Кирилл Заблоцкий («Жазғытұры») қатысты.

Кирилл Заблоцкий.jpg

Оқуларға зауыт жұмыскерлері әр адам үшін өмірде маңыздылар: махаббат, достық, құрмет, бақыт, ғылым мен білімді игеру қажеттігі туралы өлеңдерді оқыды. Табиғат, туған жердің әсемдігі, адамның әлемдегі орны туралы өлеңдер де оқылды.

Әр қатысушы бейнероликке түсірілді, оларды біздің аккаунттан табуға болады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу