«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.05.2023
186 просмотров
Ұлы Жеңіс күнімен!

Құрметті әріптестер, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді айтулы мейрам – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – сұрапыл соғыстың ащы дәмін татқан әр отбасыға бір қуанышпен, бір қайғымен қатар келетін мереке.

Қаһарлы жылдардың ыстық-суығына төзіп, тар жол тайғақ кешкен ата-апаларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, бақыт пен шаттық тілеймін! Бүгінгі күннің ашық аспаны үшін, халқымыздың бейбіт болашаққа қадамын басқаны үшін, ақындардың жеңіс туралы жазған жыр-дастаны үшін сіздерге мың алғыс!


«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры

Қуаныш Бишімов

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу