«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
16.05.2023
382 просмотров
«Самұрық-Қазына» жас инженерлері ПМХЗ өндірісін автоматтандыру барысымен танысты «ПМХЗ» ЖШС мүшелік ететін «Самұрық-Қазына» қорының жастар бірлестіктерін дамытуға бағытталған арнайы бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында 2023 жылдың 26-27 сәуірінде Қордың жас мамандары «Самұрық-Қазына» портфельдік компаниялар тобының құрамына кіретін «ПМХЗ» ЖШС және «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өндірістік нысандарына барды. Автоматтандыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлер - БӨАжА инженерлері Павлодар мұнай-химия зауытына өндірісті автоматтандыру барысымен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Зауытқа Қордың өндірістік, көліктік, сервистік және энергетикалық компанияларынан 36 жас инженер келді. Қонақтарды бас директордың орынбасары – бас инженер Саятай Әліпбаев қарсы алды. Ол кәсіпорында бизнес-жоспарлау мен жүйелік мониторингтен бастап, технологиялық үдерістерге қызмет көрсетуге дейінгі кәсіпорынның барлық салаларында кешенді тәсілдердің пайдаланылатынын айтты.

– Зауытта жасаған алғашқы қадамдарынан бастап жас мұнай өңдеушілер цифрлық әлемге бейімделеді. Тіпті жұмысқа орналасу үшін түйіндеме электронды түрде толтырылады, одан әрі бейімдеу және оқыту 3D өндіріс үлгілері бар электронды тренажерларда жүзеге асырылады. Зауыттағы әр қадам сайын жас жұмысшы өз қызметіне жаңа цифрлық шешімдерді енгізуде», - деп Саятай Әліпбаев атап өтті де, ПМХЗ-да өткен кездесу келген жас мамандар үшін барынша пайдалы болып, отандық мұнай өңдеу саласымен жақынырақ танысудың жақсы мүмкіндігі болғанына сенім білдірді.
Павлодарда өткен жиында корпоративтік басқару мәселелеріне де назар аударылды. Жиынға қатысушылар мен ПМХЗ қызметкерлері алдында «Самұрық-Қазына» қорының Комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов сөз сөйлеп, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында енгізілген комплаенс жүйесінің негізгі қызметі туралы айтып өтті.
Ал ПМХЗ Цифрландыру, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар департаментінің директоры Дмитрий Осадчий кездесу барысында жас мамандарды автоматтандырылған өндірістік үдерістермен және оларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалармен таныстырды.
«OIL SERVICES COMPANY» ЖШС-нің (мұнай-сервистік компаниясы) бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыруды және мұнай кәсіпшілік жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді автоматтандыру тәжірибесі туралы осы серіктестіктің ақтаулық инженер-технологы Әділет Мүтәлі айтып берді.
Баяндамалар оқылып болғаннан кейін келген қонақтарға кәсіпорын территориясында қызықты экскурсия ұйымдастырылып, жиында айтылған жүйелердің жұмысы іс жүзінде көрсетілді. Әсіресе жас мамандарға заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған орталық басқару пункті мен жаңа компьютерлік класс ұнады. Компьютерлік класста зауыт қызметкерлері өндірістік үдерістерді тезірек тұрақтандыру мақсатында штаттан тыс және төтенше жағдай барысында дұрыс әрекет ету үлгілерімен жұмыс істейді. Қонақтар компьютерлік жүйенің қондырғылардың орналасуын қаншалықты жақсы және дәл жеткізетініне таң қалды. Тіпті операторлар нақты уақыт режимінде шынайы қондырғыны айналып өтіп жатқандай болды.
Іс-шараның қатысушысы, инженер-технолог Әділет Мүтәлі кездесуден алған әсерімен бөлісті:
- Меніңше, кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Ал ПМХЗ аумағында енгізілген цифрлық технологиялар, шыны керек, мені қатты таң қалдырды.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосуреттер (2023ж.): Ксения Кнутас

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу