«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
08.06.2023
223 просмотров
ПМХЗ-да балалардың пластиктен жасалған қолөнер сайысы өтті

Павлодар мұнай-химия зауытында өткен балалар қолөнер байқауын «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ-ның қолдауымен маусым айында өткен екі мейрам – Балаларды қорғау күні (1 маусым) мен Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне (5 маусым) орай Қоршаған ортаны қорғау бөлімі ұйымдастырды.

ПМХЗ зауыт қызметкерлері мен аутсорсинг қызметкерлерінің балаларына арналған шығармашылық байқауларын жыл сайын өткізеді.

Осы жылы дәстүрлі сурет сайысының орнына 5-15 жас аралығындағы балаларға пластиктен қолөнер жасау тапсырмасы берілді. Дәл осы материалды таңдай келе, байқау ұйымдастырушылары бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірі – пластиктің кәдеге жаратылуына назар аудартты. Балалардың қиялынан туған әр түрлі заттар – олардың шығармашылық қабілеттерінің көрсеткіші. Қазылар алқасының алдына 29 бұйым ұсынылды. Олардың ішінде ракета, танк, есек, сезізаяқ, тікұшақ сияқты ерекшелері де болды. Үздік жұмысты таңдау қиынға соқты.

Шығармашылық сайыстың барлық қатысушыларын 6 маусым күні марапаттарын тапсыру үшін зауытқа шақырды. Талапты бүлдіршіндер үшін кәсіпорын аумағында шағын экскурсия ұйымдастырылып, зауыт музейі көрсетілді. Шара барысында балалар ата-аналары жұмыс істейтін зауыт тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Марапаттау рәсімін ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов өткізді. Ол балақайларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, байқауға қатысқандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жеңістердің көп болуын тіледі. Сайыста бой көрсеткен әр қатысушы арнайы сыйлыққа ие болды. Алғашқы үш орынды иеленген жеңімпаздар ерекше қошеметке бөленді:

1 орын – Гнускина Ксения.

2 орын – Бекеев Арслан.

3 орын – Бауржанова Малика.

Марапаттау рәсімінен кейін кәсіпорынның асханасында балаларға арнап дастархан жайылды. Жас шеберлер шәй ішіп, тәттілерден дәм татып отырған уақытта зауыттың кіреберісінде балалардың шығармашылық жұмыстары жайғасқан көрме ұйымдастырылды.

 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу