«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
07.03.2024
74 просмотров
8 Наурызға арналған мерекелік концертте ПМХЗ-ның үздік әйел қызметкерлерін марапаттады 2024 жылдың 7 наурызында ПМХЗ зауыттың үздік аруларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Жұмысындағы көрсеткен жоғары нәтижесі мен көп жылдық адал еңбегі үшін келесі нәзік жандылар марапатталды:

- Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен – Белоусова Л.М., БӨҚжАТП цехінің БӨҚжА слесарі;

- Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен - Ахметбекова А.Т., ОЖжҚА бөлімінің жетекші заң кеңесшісі;

- Павлодар қаласы әкімінің құрмет грамотасымен – Рыспекова А.И., ЖМЦ кран машинисі;

- Павлодар қаласы әкімінің алғыс хатымен – Жилякова Н.В., АМҚӨӨ технологиялық операторы.

«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер атап өтілді:

- Чудопалова В.Н., электрмен қамтамасыз ету цехінің жөндеу жұмысы және электр құрылғыларына қызмет көрсету электромонтері;

- Ванькова Н.А., сумен қамтамасыз ету және кәріз цехінің тауар операторы;

- Солодова И.В., Бу-ауамен қамтамасыз ету цехінің компрессорлық қондырғылар машинисі;

- Балтабаева А.Н., МКжТӨ тауар операторы;

- Абжанова С.Е., бухгалтерия секторының басшысы;

- Лесных А.А., МТҚжҚТД орталық қойма меңгерушісі;

- Кузьменко Г.А., АжМҚД метрология технигі;

- Смагулова А.Б., СЛ химиялық анализ лаборанты.

«ПМХЗ» ЖШС Бас директоры Қ.Е. Бишімов Павлодар мұнай-химия зауыты мен сервистік компаниялардың барша әйелдер қауымына ыстық лебізін білдіріп, олардың өндірістегі алатын орындарын атап өтті.

Павлодар облыстық филармония солистері мен «Томирис» би тобының өнерін жалғаған ПМХЗ қызметкерлері көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото Ануарбеков Рүстемдікі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу