«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.03.2024
78 просмотров
«Павлодар мұнай-химия зауыты» бас директорының үндеуі Құрметті зауыт жұмыскерлері, әріптестер!
Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын және қауіпсіз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздермен бірге біз кәсіпорынымызда жазатайым оқиғаларсыз 2000 күндік белестен өттік. Тек бірлесіп ұйымдасқан күш-жігеріміздің арқасында біз бұл нәтижеге қол жеткіздік.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірі – «Павлодар мұнайхимия зауытының» маңызды басымдықтарының бірі. Біздің басты міндетіміз - қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау. Біз кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін жұмыскерлерге қатысты «нөлдік» зиян саясатын қолданамыз.

Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жұмыс орнындағы ықтимал қауіптерді жою ғана емес, сонымен бірге адамдармен байыпты жұмыс істеуді, олардың жұмыста да, одан тыс жерлерде де қауіпсіздік мәселелеріне деген көзқарасын өзгертуді білдіреді.

«Өмірлік маңызды ережелер» - тәуекелі жоғары дәрежелі жұмыс түрлері үшін қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың негізгі ережелері болып табылады, оларды сақтамау ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Біз «Өмірлік маңызды ережелерді» сақтай отырып және қауіпсіздік мәдениетін нығайта отырып, авариялар мен оқыс оқиғаларды, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды толығымен жоюға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

«ПМХЗ» ЖШС Бас директоры
Қ. Бишімов
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу