«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.03.2024
71 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің ер адамдары арасында жүзуден жарыс өтті Спартакиада 2024 жылдың 9 наурызында Ertis Olympic спорт кешенінде ұйымдастырылды. Спорттық додаға жеке цехтар мен өндірістер атынан өкілдік еткен 14 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар еркін стильде 50 метрлік дистанцияны жүзіп өтті.

Жеке біріншілікте жүлделі орындар бұйырды:
1 орын – Алексей Шилов (Мұнайды терең өңдеу өндірісі);

2 орын – Дастан Айдарғалин (Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы);

3 орын – Денис Зайкин (Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі).

Жүзуден командалар арасындағы жарыс нәтижелері:

 Алған орны     Команда
     1      Зауыт басқармасы
     2      Мұнайды терең өңдеу өндірісі
     3      Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі
     4      Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы
     5      Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі
     6      Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі
     7      Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылық
     8      Бу-ауамен қамтамасыз ету цехы
     9      Жөндеу-механикалық цехы
    10      Ашық мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі
    11      Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы
    12      Кірме жолдарға қызмет көрсету цехы
    14      Электрмен қамтамасыз ету цехы
    14      Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу