«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.03.2024
65 просмотров
ПМХЗ қызметкері Мирас Жүсіпбаевтың сұрауы бойынша «Әгугай» бағдарламасында ән шырқалды Апта сайын «Еуразия бірінші арнасының» эфирінде көрерменнің назарына «Әгугай» ән фестивалі ұсынылады. ПМХЗ қызметкері Мирас Жүсіпбаев аталмыш бағдарламаның қатысушысы болды.

«"Әгугай" фестивалінің мақсаты – қазақстандықтарға эстраданың отандық әртістерін таныстырып, олардың шығармашылықтарын кеңінен танымал ету. 

Жобаның көрермендермен тығыз байланыста екенін көрсету мақсатында шоудың бір кезеңі әр түрлі мамандық иелерінен тапсырыс бойынша түсетін әндердің орындалуына арналған. Айдарға қатысушы үміткерді таңдау үшін жоба ұйымдастырушылары ПМХЗ басшылығына өтініш жіберді. Нәтижесінде бағдарлама қатысушысы Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің тауарлық операторы Мирас Жүсіпбаев болды. Жұмысшымыз өзі жайында қысқаша әңгімелегеннен кейін жақындарына жалынды сәлем жолдады. 

Олардың құрметіне «Ел есінде» әнінің шырқалуын сұрады. Мирастың қатысуымен түсірілген бағдарлама телеарна эфиріне Наурыз мерекесінің қарсаңында шықты. Өзі жайлы сюжетте Мирас келесі ақпаратпен бөлісті:

«Әгугай» фестивалінің көрермендеріне жалынды сәлем! Менің есімім Мирас Жүсіпбаев, біз дәл қазір Павлодар мұнай-химия зауытындамыз.

Мұнда мұнай өңделіп, керосин, жанармай, дизель және басқа да мұнай өнімдері өндіріліп жатқанына 45 жыл болды. Елімізде дәл осындай үш қана кәсіпорын бар.

Менің бұл зауытта жұмыс істегеніме 10 жыл болды. Соның ішінде соңғы үш жыл бойы тауар операторы болып қызмет атқарудамын. Менің міндетіме мұнайды қабылдау, жинақтау кіреді. Тәулігіне құбыр арқылы бізге 16 мың тонна мұнай шикізат түрінде түседі. Біз оны резервуарларға таратамыз, судан ажыратамыз, содан кейін әрі қарай өңдеуге жібереміз. Кейін мұнай күрделі технологиялық жолдардан өтеді. Осындай ауқымды процестерге, осындай маңызды өнімдерді өндіруге қатысу өте қызықты әрі мақтан тұтуға болады.

Бүгін "Әгугай" фестивалінің бізге қонаққа келгеніне қуаныштымын. Осы орайды пайдала отырып, ата-анамды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз бен маған әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратындарыңыз үшін алғысым шексіз. "Ел тілегі" деген тамаша әнді музыкалық сыйлық ретінде тарту еткім келеді».

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу