«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
20.03.2024
74 просмотров
ПМХЗ-да Наурызға арналған көктемгі мерекелер өтті

2024 жылдың 20 наурызында зауыттағы мерекелік атмосфераны арайлы таңнан бастап сезінуге болады.

Ауысым қызметкерлері мен күндізгі кесте жұмыскерлерін кәсіпорынның орталық өту жолы мен зауыт басқармасы ғимаратында қазақтың ұлттық киімдерін киген сұлулар қарсы алды.

Бұл үшін киіз үй мен ұлттық ыдыс-аяқтарды безендіру элементтері бар этно бұрыштар жасалып, онда тәттілер мен бауырсақтар ұсынылды.

Домбырашы орындаушылар да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Зауыттың 14 негізгі бөлімшесінің өкілдерін жинап, «ПМХЗ» ЖШС бас директоры қатысушыларды құттықтап, барлық игіліктер тілей отырып, салтанатты шараны бастады.

ПМХЗ-нің әр өндірісі, цехы мен бөліміне кәсіпорын әкімшілігі техникалық үзілістерде дәм татқызды.
Бұл күні дәстүрлі тағамдар баршаға зауыт аумағындағы асханаларда ұсынылды.

Қош келдің, әз-Наурыз!

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттер: Михаил Брюховец

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу