ПМХЗ қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шегіп жатқан адамдарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын ұлттық және облыстық қорларға аудармақ.
Зауыт «Павлодар облысының Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ» ММ-ді толықтай жабдықталған арнайы техникамен қамтамасыз етіп, өртке қарсы қызметтің жеке құрамынан қызметкерлер бөлді. Осы бірлесіп істеген жұмыстың нәтижесінде 2024 жылдың 29 наурызынан Успен ауданының Успенка және Вознесенка ауылдарында, ал 2024 жылдың 2 сәуірінен бастап Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында еріген қар суы елді мекендерден ойпатты дала аймақтарына қарай айдалып жатыр.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі