«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.04.2024
30 просмотров
ПМХЗ-да өнеркәсіптік объектілерді қорғау бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті 2024 жылдың 10 сәуірінде зауытқа іргелес аумақта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 99225 әскери бөлімінің күштері мен құралдарының, сондай-ақ «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС мен «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызмет көрсету мекемесі Павлодар филиалының жұмысшылары мен өрт және  газ қауіпсіздік техникасының жұмылдырылуымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Бұл оқу-жаттығудың басты мақсаты әскери міндеттілер мен «ПМХЗ» ЖШС-ның апаттық қызметтері жұмысшыларының кәсіпорын объектілеріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда дұрыс әрекет етуін жаттықтыру болды.

Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің арнайы автоцистернасы, жедел медициналық жәрдем автокөлігі, КАМАЗ-43114 әскери автокөлігі, жеңіл автокөліктер мен бос патронды атыс мылтықтары жұмылдырылды. Тактикалық мақсатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бөлімшелері қорғауға алған «ПМХЗ» ЖШС аумағына шартты шабуыл жасалды.

Шара қатысушылары қарулы шабуылды тойтару, жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, өртті сөндіру сияқты әрекеттер жасау барысында білімі мен біліктіліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жеке құрам оқыту тапсырмаларын жоғары деңгейде орындады. Бөлімшелер қызметкерлері жауынгерлік тактика, төтенше жағдайларды жою, қарулы қақтығыс кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша кәсіби шеберліктері пен жақсы дайындықтарын көрсете білді. Қатысушылар лаңкестік және өрт қаупі кезіндегі төтенше жағдайлар қызметі мен жауынгерлік бөлімшелердің үйлесімді жұмысын көрсетті. Оқу-жаттығу Павлодар мұнай-химия зауытының әскери бөлімшелермен бірлескен жұмысында, кәсіпорын қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді сараптау және бақылауда жақсы көмек болды.

Бұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, апаттық қызметтердің өнеркәсіптік кәсіпорындағы әскери және лаңкестік сипаттағы қауіптерге жауап беруге даярлығын тексеруге, әскери бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттілігін және төтенше жағдайларға әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко

Видео, монтаж – Михаил Брюховец
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу