«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
16.04.2024
53 просмотров
ПМХЗ Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек бөлді 2024 жылдың 16 сәуірінде ТЖ аумағына ПМХЗ-дан 3 жүк көлігі жіберілді. Гуманитарлық жүктің ішінде ең қажетті азық-түлік өнімдері, құтқару құралдары мен тұрмыстық тауарлар болды. Жүктің жалпы салмағы 18 тоннаны құрады. 
Зардап шеккендерге жіберілген заттар тізімі:
- Маңдайға ілінетін шамдар;
- вейдерстер, комбинезондар мен резеңке етіктер;
- резеңке қайықтар;
- құтқару желеткелері;
- ауыз суы – 12,3 тонна;
- іші жылы резеңке қолғаптар;
- мамық көрпелер;
- орамалдар;
- төсек-орын жабдықтары;
- күріш, қарақұмық, макарон өнімдері – 1,5 тонна.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Видео, монтаж  – Асылжан Женис

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу