«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
20.04.2024
56 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері «САМАЛ» орталығында сенбілік өткізді Павлодар мұнай өңдеушілері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «САМАЛ» оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің аумағындағы абаттандыру жұмыстарына қатысты. 

2024 жылдың 20 сәуірінде елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұмысшылары «САМАЛ» орталығының аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.

Қажетті құралдармен жабдықталған зауыт қызметкерлері ағаштардың қурап қалған бұтақтарын кесіп, орталық аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ балаларға арналған алаңдар боялып, 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Бұдан бөлек, орталықтың бос жатқан аумақтарында зауыт қызметкерлері ағаш отырғызды. Науқан шеңберінде 4 қарағай көшеті мен 6 түп бөртегүл егілді.

Сенбілікке 2 дана арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу