«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
01.03.2016
167 просмотров
Мұнай өңдеушілерінен «Рақмет» 2016 жылғы 14 қаңтарда Республикамыздың Президенті қазақстандық мерекелер күнтізбесін толықтырған №173 Жарлыққа қол қойды. Енді еліміздің азаматтары 1 наурызда Рақмет күнін атап өтетін болады. Бұл бастамаға Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері де бар ынтасымен қосылып, ұжымда жаңа дәстүр орнатты.
Бұл мереке бірінші наурызға белгіленгені бекер емес: бұл күні 1995 жылы Қазақстанда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Қазақстан – көпұлтты ел болғандықтан, 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығын атап өту шеңберінде Елбасы бұл күнді республикамызда тұратын халықтардың Рақмет күні деп белгілеуді ұсынды.
Өткен ғасыр бойы Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде дамығаны баршамызға мәлім. ХХ ғасырдың ең басында столыпин реформалары салдарынан елімізге Ресейден, Украинадан және Беларусиядан миллионнан астам адам келді. 30-шы жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға бірнеше жүз мың тәркіленген крестьяндар жер аударды, өнеркәсіптік объектілер құрылысына елдің түпкір-түпкірінен тағы миллионнан астам адам көшірілді. Сталиндік режим кезінде біздің Отанымызға түрлі халықтар: шамамен 1,5 млн неміс, поляк, Солтүстік Кавказ өкілдері мен кәрістер жер аударды. Оларды вагондардан сайын далада түсіріп кеткен. Өздері аса мұқтаж қазақ отбасылары қолында бар асымен бөлісіп, оларға баспана берді.
Сондықтан президентіміздің пікірі бойынша Қазақстанда барлық халықтардың бір-біріне және ауыр жылдары мейірімділік пен қонақжайлылық білдіріп, бөтен адамдарды өз үйлеріне кіргізіп, оларды туғанындай қабылдаған қазақтарға Рақмет айту күнін жыл сайын атап өткен жөн. Бұл күн, Елбасының ойынша, барлық қазақстандықтардың бейбітшілікте, достық қарым-қатынаста өмір сүру, бір-біріне деген сүйіспеншілік мерекесіне айналып, көпұлтты халықты одан да бетер біріктіреді.
Елбасының идеясын Павлодар мұнайхимия зауытының ұжымы түсінушілікпен қабылдап, кәсіпорынның барлық объектілерінде 1 наурызда рақмет науқаны ұйымдастырылды. Зауыт ұжымы зауыттың Жастар істері жөніндегі кеңесі өкілдерінің атынан бейнеқұттықтау мен Рақмет күнімен құттықтау шарасын, Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде дамуының күрделі кезеңдері туралы, мейірімділік пен адамгершілік сабақтары туралы радиохабар мен тұсаукесер дайындады. Осының барлығы ПМХЗ-дағы бірінші көктем күніне ерекше рең берді. Зауыттағы жаңа мереке екі мыңнан астам зауыт жұмыскері қатысқан достық қол алысу және бір-біріне рақмет айту флеш-мобымен аяқталды.

Анна Гронская
Алёна Лепп
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу