«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
04.03.2016
167 просмотров
«Қадірлі жандарға арналады …» Кәсіпорын басшылығы мен «Нефтепереработчик» кәсіподақ комитеті 8 Наурыз қарсаңында ұйымдастырған кездесу ПМХЗ-дан құрметті демалысқа шыққан қадірлі ханымдар үшін керемет сыйлық болды. «Шаңырақ» облыстық халық шаруашылығы орталығы зауыттың зейнеткер әйелдері үшін мерекелік концерт дайындады.
Павлодар мұнайхимия зауытының бұрынғы жұмыскер әйелдерін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау – кәсіпорнымыздың жақсы дәстүріне айналған.
4 наурызда көктемдей құлпырған ПМХЗ ардагерлерін «Шаңырақ» сахнасынан персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директор Алтын Имантаева мен «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Татьяна Васькина зор ілтипатпен мерекемен құттықтады.
Зейнеткерлерді одан да басқа тосынсыйлар күтті. Олардың бірі – Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы. Мерекелік көрсетілім ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері- дирижёр Болат Рахимжановтың басқарумен симфониялық оркестрдің орындауында попурримен басталды, Мерекелік эстафетаны халықаралық сайыстардың лауреаты Ерболат Аралбаев қонақтарға «Қыздар» атты әуезді әнін орындап жалғастырды. ҚР мәдениет қайраткері Мәдина Жармұхамбетова мен концертмейстер Наталья Омарованың басшылығымен камералық хордың орындауындағы «Қазақ вальсі» де жиналғандардың есінде жарқын әсер қалдырды. Бауыржан Ахметов «Ана туралы жыр» әнін орындады. Жиналғандар «Томирис» ансамблінің биін тамашалады. Орыс халық аспаптары ансамблі «Гармонист играет твист» композициясы түріндегі тартымды музыкалық құттықтауын сыйлады. Ал оның жеке дауыспен орындайтын қатысушысы – республикалық және халықаралық сайыстар лауреаты Олеся Скорикова мереке иелерін жалпыға мәлім «Стоят девчонки» әнімен қуантты. Назымбек Сейітовтің орындауындағы көпшілікке әйгілі «Я люблю тебя до слез» әні нәзік жандардың жүректерін елжіретті. Мерекелік салтанаттың қорытынды аккорды халықаралық конкурстардың лауреаты Дәуренбек Сіләмғалидің орындауындағы «Дударай» әні болды.
ПМХЗ атынан жасалған материалдық көмек те 412 зейнеткерлердің көңіл-күйін көтерді. Мерекеге орай олардың әрқайсысына 5 мың теңгеден берілді. Бұрын бір ұжымда жұмыс істеген зейнеткерлер бір-бірімен кездесіп, қауышқанына қуанып, бір серігіп қалды.

Алёна Лепп.
Ольга Козюраның фотосы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу