Еліміздің, облыстың, қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірінен шет қалмай, өңірдің барлық бағыттағы дамуына қатысты бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу - Павлодар мұнайхимия зауыты басқарушылар буынының алғашқы таңдауы болатын.
Дәл осы бастамашыл топ ПМХЗ ұжымының жалпы азаматтық ұстанымына екпін береді. Сондықтанда 2016–Сайлауға кәсіпорынның негізгі жұмыскерлерінің тартылуы кезейсоқ жағдай емес: «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай және бас директордың орынбасары-бас инженер Оспанбек Әлсейітов. Шухрат Данбай облыстық мәслихат депутаттығына - Оспанбек Әлсейітов. – қалалық мәслихат депутаттығына дауысқа түсті. Екі қандидаттың да аймағымыздың атқарушы билігіне ұсынылу ниетімен қоса, 2012-2016 жылдар аралығындағы мәлихаттың V шақырылымында депутаттық тәжірибелері болды.
21 наурыздағы облыстық және қалалық аумақтық сайлау комиссиялары деректері бойынша зауыттың екі басшысы осы жолы да халық қалаулысы болды. «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай - № 18 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың, бас директордың орынбасары-бас инженер Оспанбек Әлсейітов- № 15 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаты болды.
Облыстық мәслихатқа жаңа сайланған 32 депутат және қалалық мәслихаттың 25 депутаттың ішіндегі барлық депутаттық корпустың төрттен бір бөлігі Ертіс өңірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары болып табылады.
Жалпы сайлау науқаны туралы, облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Әлия Сабырханова облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 20 науырздағы сайлауға қатысты өңірде бір де бір бұзушылық болмағанын атап өтті.
Аумақ бойынша 20 наурыздағы 20 сағаттағы жағдай бойынша 332831 сайлаушы бюллетендерді алып, жалпы қатысым 72,85% құрады. Тек қана Мәжіліске дауыс беруге арналған 349 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Дауыс беру барысын 900-ге жуық адам: ТМД,ЕҚҰБ, ШЫҰ әр түрлі миссиялар өкілдері, отандық әр түрлі саяси партиялардың байқаушылары, кандидаттардың сенімді тұлғалары, қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдардың өкілдері қадағалады, олардың тарапынан ескертулер болған жоқ.
Павлодарлықтар «Нұр Отан» партиясына өңір тұрғындарының 81,72%, Қазақстанның Коммунистікхалық партиясына 8,23%, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына- 7,20%, «Бiрлiк» саяси партиясына - 0,45%, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияға – 0,01% және «Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясына - 1,39% дауыс беріп,өздерінің саяси еріктерін білдірді.
«НұрОтан» партиясы облыстық филиалының баспасөз-хатшы Айбек Жуматовтың ақпараты бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымына бес павлодарлық-нұротандықтар: «НұрОтан» партиясының Павлодар областық филиалы төрағасының орынбасары Айзада Кұрманова, Ақсу ферросплав зауыты «"Казхром" трансұлттық компаниясы» АҚ техникалық директоры Александр Суслов, өткен шақырылым депутаттары Айгүл Нуркина және Мейрам Пішембаев. Одан басқа, мәжіліс депутаттарының ішінде "Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті, жерлесіміз Роман Скляр болды. Өткен шақырылымда Мәжіліске аумағымыздан Айгүл Нуркина және Мейрам Пішембаев және Мейрам Бегентаев ұсынылған болатын.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
140000, Павлодар қ-сы,
Химкомбинат к-сі, 1
тел. +7 (7182) 39-66-70,
факс: +7 (7182) 39-60-98
e-mail: kanc@pnhz.kz, http://www.pnhz.kz