«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
27.12.2017
186 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауыты «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС-мен қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын (СӨҚ) сатып алу-сату туралы шартқа қол қойды.
«Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) сутек өндіру қондырғысының меншік иесі болуын растайтын құжатқа «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов пен «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС бас директоры Ульрих Хайндль қол қойды.
Air Liquide – технологиялар және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласына арналған газдарды өндіруде әлемдік көшбасшысы болып табылады. Еуропаның ең ірі қоғамдық компанияның штатында шамамен 65 000 қызметкер әлемнің 80 елінде жұмыс істейді және үш миллионнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. «Air Liquide» компаниясында сенімділік пен тиімділікті арттыруда тәжірибесі мол 50 сутектік өндіру қондырғысы бар және бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетеді.
Ол компания ретінде өзін танытты, себебі оны тарту, техникалық қызмет көрсету деңгейі және оған тиесілі жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі арттырады.
«Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС – Liquide Eastern Europe S.A. және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – өңдеу және маркетинг бірлескен кәсіпорны. 2016 жылдың 29 қарашасында Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының қажеттіліктері үшін аутсорсингтік негізде өнеркәсіптік газдарды өндіру және жеткізу мақсатында құрылған. ҚМГ қатысу үлесі 25%, Air Liquide – 75%.
Еске салайық, 2017 жылғы 21 маусымда Павлодар мұнайхимия зауыты «Эр Ликид Мунай Тех Газы» (ЭЛМТГ) ЖШС-мен сутек пен буды сатып алу және жеткізу туралы шарт жасасқан болатын.
Құжатта Павлодар мұнайхимия зауытының қондырғыларын «Эр Ликид Мунай Тех Газы» компаниясына тиесілі сутек және бумен жабдықтауды көздейді, сондай-ақ қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын жаңғырту және ПМХЗ жаңа СӨҚ құрылысы қарастырылған.
2017 жылғы 27 желтоқсанда қол қойылған шарт Павлодар мұнайхимия зауытындағы сутек өндіру қондырғыны, оның ішінде осы СӨҚ кешеніне қатысты барлық жабдықтар, құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, қосалқы бөлшектер мен тауарлық- материалдық құндылықтар, сондай-ақ барлық тиісті техникалық құжаттаманы қоса «Эр Ликид Мунай Тех Газы» компаниясына сатылғанын растайды.
Құжат жаңа иеленуші қажетті лицензияларды алғаннан кейін және тараптар белгілі бір корпоративтік рәсімдерден өткенен кейін күшіне енеді.
Мәміле «ҚазМұнайГаз» АҚ бағдарламасы шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру, өнімділікті арттыру, өндірістік жабдықтардың сенімділігін арттыру, өнеркәсіптік газдар өндірісіндегі икемділік, Қазақстан Республикасының МӨЗ бейінді емес активтерін аутсорсингке шығару және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

Анықтама үшін:

Сутегі күкірттен дизель отынын, бензинді және авиациялық керосинді гидротазарту үдерісі үшін қажет. Бу сутегі өндірісінің қосалқы өнімі болып табылады.

«ПМХЗ» ЖШС – Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі, оның 100% «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 6 млн тонна мұнай құрайды. Зауыт Қазақстан Республикасының үш МӨЗ шығаратын мұнай өнімдерінің жалпы жылдық көлемінің 30%-ын өндіреді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты » ЖШС Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу