«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
21.02.2018
164 просмотров
ПМХЗ цифрландыру бағдарламасын орындауда: жаңа электрондық бақылау пункті
ПМХЗ-да цифрландыру бағдарламасы шеңберінде жылдың басында жаңа электрондық бақылау пункті орнатылды, оны енгізу мақсаты – бақылау жүйесін оңтайландыру және персоналдың кәсіпорынға кіруін басқару және бұдан әрі «Өндірістік кәсіпорынды басқару» (ӨКБ) 1С корпоративтік ақпараттық жүйесімен біріктіру болып табылады.
ПМХЗ-да персоналды бақылау және басқару жүйесі кәсіпорынға 2006 жылы енгізілді. Сол кезде КББЖ PERCo-SYS-15000 базасында орнатылды және зауыттың ақпараттық технологиялар бөлімі өздігінен әзірлеген бағдарламаларын пайдаланды. КББЖ – қауіпсіздіктің бағдарламалық-аппараттық техникалық құралдарының жиынтығы, мақсаты – «өту нүктелері»: есіктер, турникеттер, шлагбаумдар, қақпалар, бақылау-өткізу пунктері (БӨП) арқылы аумаққа объектілердің (адамдардың, көліктің) кіру-шығуын шектеу және тіркеу. Зауытта қызметкерлердің кіруін кешенді бақылау және жұмыс уақытын есептеу жүйесі пайдаланылады, ол болса жергілікті желі арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістік құрайды.     
Зауытқа кіруді бақылау және басқару жүйесін жаңғыртудың басты мәні бұрынғы сервер мен КББЖ жабдығы арасындағы ескірген байланыс моделі технологиясын және деректерді төмен жылдамдықпен беруді жаңаға ауыстыру болды. Заманауи жүйені орнатудың арқасында бірнеше мәселені шешті: зауытқа кіруде бақылау және басқару жүйесінің жүйеленбеген сипатын жойды, өздігінен әзірлеген және ақысыз шешімдерден, сенімсіз, жүйенің қауіпсіздігін төмендететін және ұстау шығындары арттыратын бағдарламалардан құтылып, PERCo S-20 заманауи жүйе арқылы зауыттың барлық КББЖ біріктірді.
Жаңа жүйені енгізу нәтижесінде техникалық сүйемелдеу мүмкін емес, ескірген жүйені сенімділік параметрлері жақсартылған жүйеге (соның ішінде сыртқы бағдарламалық жасақтамамен өзара іс-қимыл жасайтын жаңартылған интерфейстер) ауыстыру арқылы, сондай-ақ оқитын құралмен жабдықталған бақылау-өткізу пунктерінің саны артуы есебінен корпоративтік қауіпсіздік деңгейі артты.

Анықтама үшін:
 
Кіруді бақылау және басқару жүйесі (КББЖ) қызметкерлердің өту күні мен уақытын бақылауға, қызметкердің жұмыс уақытын есепке алуды және сәйкестендіруді, күзетілетін объекті бойынша жұмыскерлердің қозғалысын бақылауды жүзеге асыруға, қайта кіруді бақылау жүйесі арқылы карточканы басқа адамға беруден қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
.     

«Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның
жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу