«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.02.2018
142 просмотров
Қазақстан Республикасының Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті зауытты жоспардан тыс тексеру жұмыстары энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптары мен нормаларын сақтау бөлігінде заңды бұзуды анықтаған жоқ.

Павлодар мұнайхимия зауыты 2017 жылы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптары мен нормаларының сақталуына қатысты тексеруден өткен және бұзуларға жол бермеген өңірдегі жалғыз кәсіпорын болды.  
Қазақстан Республикасының Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тексеру парағына сәйкес шығарылатын өнімнің бірлігіне энергия ресурстарын (отын, электро- және жылу энергиясы) тұтыну нормаларын кәсіпорынның сақтауы; электр желілерінің тұтынушыларға қосылу нүктесіндегі қуат коэффициентінің сақталуы, энергия ресурстарының тікелей шығындарының болмауы қарастырылды. Сонымен қатар зауыттың коммерциялық отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) есепке алу аспаптармен жабдықталуы, энергоаудит қорытындысы бойынша, ол өткеннен кейін бес жыл бойы анықталған өнімнің, ғимарат ауданының, құрылыстың және имараттың бірлігіне ОЭР мен суды тұтыну көлемін жыл сайын төмендетуді қамтамасыз етілуі тексерілді. Тексерудің тағы бір тармағы энергетикалық су ресурстарын тұтынатын және тиісті есепке алу аспабымен – автоматтандырылған жылуды тұтынуды реттеу жүйесімен жабдықталмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол бермеу болды.
Зауытта «2016-2020 жылдарға арналған «ПМХЗ» ЖШС-ның энергия тиімділігін арттыру» бағдарламасының болуы тексеруден табысты өту факторларының бірі болды. Осы бағдарламаның іс-шараларын іске асыру есебінен 2016 жылы 2017 жылға дейін кәсіпорын, мамандардың есебі бойынша шартты отынның 33 537 тоннасын үнемдеді.
Осы бағдарламаны орындау қорытындылары кәсіпорын қажеттіліктері үшін ОЭР сатып алуға қаражатты жоспарлаған кезде, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын есептеу кезінде, сондай-ақ талдамалы жазбалар мен есептерді құру кезінде ескеріледі. Сонымен қатар, зауыттың технологиялық қондырғыларында ОЭР тұтыну нормаларын төмендету жағына қарай түзетулер жүргізілуде.
Сонымен бірге, кәсіпорында «Отынды тұтынуды оңтайландыру және мұнай өнімдерінің шығындарын азайту», «Су ресурстарын тұтынуды оңтайландыру», «Реактивті қуаттылықты өтеу», «Қозғалыс бергіштерін орнату» бағдарламалары әзірленді. Осы бағдарламаларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнайды және газды өңдеу» бағыты бойынша ғылыми-техникалық кеңес бекітті және зауыт бұлжытпай орындайды.
Бүгінгі күні «МЕS-жүйесіне шығарумен отынды, жылу энергиясын, электр энергиясын қосымша есепке алу аспаптарымен жабдықтау» бағдарламасы әзірленуде.

Анықтама үшін
:

MES
(ағылшын тілінен manufacturing execution system, өндірістік үдерістерді басқару жүйесі) — мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық жасақтама, белгілі-бір өндіріс шеңберінде өнімді шығаруды синхрондау, үйлестіру, талдау және оңтайландыру мәселелерін шешуге арналған. MES-жүйелері цех деңгейін басқару жүйелер класына жатады, бірақ бүтіндей кәсіпорында өндірісті біріктіріп басқару үшін де қолданылуы мүмкін.

«Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу