«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
23.02.2018
162 просмотров
2017 жылы зауыт  жұмыскерлері  арасында өткізілген спартакиада қорытындысы

8 ақпанда павлодарлық мұнай өңдеушілер арасында өткізілетін жыл сайынғы олимпиада үздік спортшыларды марапаттау салтанатымен аяқталды.
Зауытты басшысы және «Жергілікті кәсіподақ «Нефтепереработчик» Қоғамдық бірлестігі Мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, шахмат- дойбы, гир көтеру, ату, армрестлинг және шаңғы жарысы бойынша тоғыз спорт түрінен жарыс қорытындысын шығарды.
«ПМХЗ»ЖШС компаниясының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Алтын Имантаева әріптестерін дәстүрлі спорт күнін аяқтауымен құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар және спорт жабдығын сатып алуға арналған сертификаттарды табыс етті. Әрине, бұл жарыстар жұмысшыдан бастап басшылар, мамандар, қызметкерлерді біріктіретін, жыл сайын спорттық іс-шаралардың бірі болып табылады.
Серіктес ұйымның командасы - «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар филиалы Спартакиада-2017 спорттық кубогының иегері болды. Жеңімпаздар 100 мың теңгеге сертификатпен марапатталды.
Екінші орынды мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешенінің жұмыскерлері ие болды. Оларға 80 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді. Үшінші орын, тиісінше, мұнайды терең өңдеу кешенінің командасына 60 мың теңге сертификаты берілді.
Зауыт жұмыскерлері: Руслан Суентаев, Темір Құрбаев, Диас Бейсенов, Алексей Ремизовқа спорттық жарыстарға белсенді қатысқаны үшін дипломдар тапсырылды.
ПМХЗ басшылығы бұқаралық спортты белсенді қолдайтынын айта кет жөн болады. Кәсіпорын әр жыл сайын спорт түрлерінен жарыстар өткізу үшін, сондай-ақ зауыт жұмыскерлеріне жаттықтырулар ұйымдастыру үшін қаражат бөледі.

Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС
Жұртшылықпен байланыс бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу