«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
26.02.2018
148 просмотров

16 ақпанда жастар істері жөніндегі кеңес жаңа төраға мен белсенділер құрамын сайлады.

2018 жылғы 12 ақпанда ПМХЗ жастары істері жөніндегі кеңесінің төрағасы Данияр Кушеновтың осы орындағы мерзімі аяқталды. 16 ақпанда оқу орталығының мәжіліс залында Жастар істері жөніндегі кеңесі белсенділерінің кездесуі өтті, онда олар өздерінің үш жылғы қызметінің қорытындысын жасап, жаңа көшбасшысын таңдады.  
Экс-төраға осы үш жылда өткізген ірі іс-шараларды атап шықты. Соның ішінде – зауыттың спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық бастамалары: ПМХЗ спартакиадасы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатты – зейнеткерлерді, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, Песчан мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін қолдау, Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына материалдық көмекті ұйымдастыру, қалалық сенбіліктерге қатысу. Сонымен қатар – интеллектуалдық акциялар, онда зауыт жастары өздерін жақсы көрсете білді: «Павлодар Торайғыровты оқиды», «Тілдер күні» және басқалар. Сондай-ақ жас мамандар делегаттар ретінде облыстық және республикалық құрылтайларға: «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс съездіне, ҚМГ компаниялар тобының, Ертіс өңірінің өнеркәсіптік кәсіпорындарының жастары ұйымдарының өкілдерімен кездесулерге қатысты. Жастар істері жөніндегі кеңесінің 2015-2017 жылдардағы қызметі оң деп танылды.     
Одан кейін зауыттық жас мамандар ұйымының көшбасшысына үміткер – өндірістік бөлімнің инженері Сұлтан Оспанбек сөйледі. Кеңес делегаттары дауыс бергеннен кейін, ол, жастар қозғалысының жаңа төрағасы болып сайланды.
Жастар ұйымының белсенділер құрамы да жаңарды: төраға орынбасары экономист Жұлдыз Тюлемисова (№ 60 цех) болды, белсенділер құрамына – технологиялық қондырғылар операторлары Ернұр Асылбеков пен Азамат Рахимжанов (ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру кешені) және технологиялық сорғылар машинисі Диас Әбдірахманов (күкірт өндіру кешені) кірді.

Анықтама:

Сұлтан Оспанбек 1993 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. 2015 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдады. 2012-2015 жылдары ҚБТУ-ның химиктері-технологтары студенттік клубын басқарды.
2017 жылғы 4 қаңтардан бастап – техникалық сүйемелдеу бөлімінің инженер-технологі, 2017 жылғы 4 тамыздан бастап – «ПМХЗ» ЖШС өндірістік бөлімнің инженері.
Хобби: шаңғы, сноуборд тебу, бильярд, футбол, волейбол, теннис, баскетбол, боулинг.
Үйленген, ұлы бар.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның
жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу