«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
17.07.2018
167 просмотров

Сапар барысында Елбасы жаңа күкірт өндіру кешені, изомерлеу және сплиттер нафтасы қондырғысын, зауыттың технологиялық үдерістері мониторингі және басқарудың автоматтандырылған жүйесінің диспетчерлік пунктіне барды. ПМХЗ бас директоры Оспанбек Әлсейітов іске асырылған жаңғырту және кәсіпорынның жыл басынан бері қол жеткізген өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады.
Жаңғырту жобасын іске асыру нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда ПМХЗ екі жаңа технологиялық кешен: изомерлеу және сплиттер нафтасы, күкірт өндіру қондырғылары кешендері салынып, пайдалануға берілді.
12 жаңа жалпызауыттық шаруашылық нысан салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттар: мұнайды бастапқы және терең өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы қайта жаңартылды. Жаңғырту жобасының жалпы құны ҚҚС-ны есептемегенде 189,5 млрд. теңгені құрады.
Барлық осы шаралар зауыттың мұнай өңдеу қуаттылығын 1 млн. тоннаға дейін, өңдеу тереңдігі 85% -ға, каталитикалық крекинг қондырғысының шикізат бойынша қуаттылығын 350 000 тоннадан бастап 1 868 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жобаны жүзеге асырғаннан кейін ПМХЗ К4 класты мотор отындарын: 013/2011 КО ТР Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес АИ-92, 95 маркалы дизель отыны мен автокөлік бензинін шығаруды қамтамасыз етті, сондай-ақ реактивті отынды өндіруді қайта бастады.
Жаңғырту және қайта жаңарту жобасын іске асыру барысында ПМХЗ 67,3 мың текше метр бетон құйылды, 19432 тонна металл конструкциялары жиналды, 209500м. құбырлар, 17220м. инженерлік желілер, 1567563м электрлік және БӨА кабельдері тартылды, 806 бірлік технологиялық жабдықтар мен 5093 БӨА аспаптары орнатылды.
Павлодар мұнай өңдеу зауытында цифрландыруға ерекше назар аударылып, технологиялық және бизнес-процестерді жүргізу әдістері де өзгерістерге ұшырады. 2016 жылдан Павлодар МӨЗ «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сенімділікті мен механикалық тұтастықты қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізу тәжірибесі мен пайдаланудың ұлғайтылған жөндеуаралық кезеңіне көшу бойынша жұмыстар кешені» жобасы бастау алды.
Ол төрт бағдарламалық жасақтама жүйелерін енгізу арқылы жүзеге асырылады: ЖТҚЖ басқару жүйесі IBM MaxiMO, бақылауды және сенімділікті басқару Meridium APM, жабдықтардың мониторингін басқару Uniformance Asset Sentinel, жабдықтардың тоқтау есебін басқару Honeywell және Advanced Solutions.
2018 жылдан бастап SimSciSpiral ақпараттық жүйе негізінде оңтайландыруды жоспарлау жүйесі жүзеге асырылуда, ал ПМХЗ-ның 2019 жылға арналған жылдық өндірістік бағдарламасы кәсіпорынның операциялық және инвестициялық шығындарын үнемдеуге және тұтастай алғанда, оны цифрлау тұжырымдамасына сәйкес жаңа технологиялық деңгейге көшіруге мүмкіндік беретін LP моделінің негізінде әзірленетін болады.
 
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу