«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
20.08.2018
158 просмотров

2018 жылғы 20 тамыздан бастап Павлодар мұнайхимия зауыты мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын қалыпты технологиялық режимге шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның басқа қондырғылары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес қалыпты режимге шығарылатын болады.    


 


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен «ПМХЗ» ЖШС-ның жоспарлы-алдын ала жұмыстар кестесіне сәйкес «ПМХЗ» ЖШС 15 тәулікке техникалық қызмет көсетуге тоқтады. Осы уақыт ішінде кәсіпорынның технологиялық кешендерінде олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жұмыстар: катализаторларды қалпына келтіру және ауыстыру, лицензияланған жабдықты тексеру және басқа да процедуралар орындалды.
ПМХЗ-да жыл сайынғы жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту кәсіпорындағы технологиялық жабдықты терең жаңғыртудың, сондай-ақ 2014 жылы әзірленген қазақстандық МӨЗ-дердің техникалық қондырғыларын ұзартылған жөндеу аралық пайдалану кезеңіне көшу іс-шаралары мен 2016 жылы бекітілген ПСТ 54-016 «Жөндеу аралық цикл. Жөндеу циклдерінің, жөндеу аралық кезендерінің, ҚР МӨЗ технологиялық қондырғыларының жөндеуге тұрып қалуының құрылымы және ұзақтығы. Жалпы ереже» алдын ала ұлттық стандартының шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жоспарын зауытта жүйелі түрде іске асырудың арқасында мүмкін болды.  
Технологиялық қондырғыларды тоқтатып жөндеу кезеңінде тамыздың 5-нен 20-на дейін зауыт мұнай өнімдері иелерінің өтінімдеріне сәйкес паспорттық өнімді тиеп жөнелтті.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу