«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
16.11.2018
183 просмотров

Павлодар МХЗ қызметкерлері жалпыхалықтық диктантқа қатысты 14 қарашада зауыт қызметкерлері қазақ тіліндегі мәтінді латын графикасында жазып, жалпыхалықтық диктантқа қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың ақпан айында қазақ әліпбиін латын жазуына аудару туралы жарлыққа қол қойды. Кириллицадағы 42 әріптің орнына жаңа қазақ әліпбиі 32 әріптен тұрады.
Классикалық латын әріптерінен басқа, қазақ тілінің нақты дыбыстарын көрсету үшін алты диакритикалық таңба бар. Жазудың басқа түріне ауысу 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Акцияның басты мақсаты – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту. Диктантқа 15 жастан жоғары барлық азаматтар қатыса алады. 77 сөзден тұратын «Рухани жаңғыру» тақырыпты диктант таңдалып, ұзақтығы 30 минутқа созылды. Диктант сағат 11:00-де «Шалқар», «Қазақ радиосы» радиостанцияларында және emle.kz, tilalemi.kz әлеуметтік желілерде жарияланды.
ПМХЗ ұжымы да акцияны жылы қабылдады. Мәтін радиодан үш рет оқылды. Зауыт бойынша диктантқа 95 адам қатысты, олардың 80-ні - жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер - бес негізгі өндірістің өкілдері, ПМХЗ орталық зертханасы және 15 тәжірибеден өтуші студенттер. Жедел ауысымдық персонал үшін бұл акция цехтарда, инженерлер мен тәжірибеден өтушілер үшін – бөлімшелердің оқу сыныптарында өтті.
Диктанттың бағалары тек аймақ бойынша статистикалық деректер жинау және типтік қателерді анықтау үшін қойылды. Жеке нәтижеге қызығушылық танытқандар қазақ тілі мұғалімінен біле алады немесе өзін-өзі бағалауы мүмкін: мәтіннің жазбаша нұсқасы emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жазылғаннан кейін дереу жарияланып, қол жетімді болды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу