«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
06.05.2020
192 просмотров
ПМХЗ Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Павлодар мұнайхимия зауыты тыл еңбеккерлерін құттықтады.

2020 жылы өз еңбектерімен Жеңісті жақындатқан 26 еңбек ардагеріне, зауыт ұжымы жыл сайынғы қайырымдылық асқа жинап құттықтаудың форматын неғұрлым қолайлы жағдайға өзгертті.

Зауыт көптеген жылдар бойы мұнайхимия зауытының қамқорлығында болған барлық тыл еңбеккерлеріне азық-түлік пакеттерін қалыптастыруға қаражат бөлді. Олардың ең кішісі - 83 жаста, ең үлкені - 95 жаста.

Өз еңбектерімен Жеңіске жетуге көмектескен адамдарды көптен күткен мерекелерімен құттықтауларды жастар, кәсіпорын еріктілері, кәсіподақ ұйымының мүшелері және «Нұр Отан» партиясы ұяшығы ұйымдастырды.

Кәсіпорын басшылығы тыл еңбеккерлерін зауыт ұжымы атынан құттықтай отырып, ашықхаттар, шайға тәтті тағамдар мен азық-түлік жиынтығын тапсырды және 20 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Дайындалған сыйлықтар әрқайсының үйлеріне жеткізіліп, әр ардагерге жеке-жеке табысталды.

Жеңіс құрдастарына құттықтауларды табыстаған кезде зауыт жұмыскерлері барлық сақтық шараларын қолданды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу