«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Технологиялық үдерістер мен тауарлық өнім сапасына қатысты жүргізілетін аналитикалық бақылау бүкіл өндірістік үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жұмысты №11 цех ТББ-ОЗЗ орындайды.

№11 цех құрамына үш зертхана кіреді:

  • бақылау зертханасы;

  • тауар зертханасы;

  • санитарлық зертхана.

Жылдық өтінімдер бойынша №11 цех зертханалары үшін заманауи сынау құрал-жабдығы сатып алынады.

2013 жылғы желтоқсанда сатып алынған, мұнайдағы күкіртсутекті, метилмеркаптан мен этилмеркаптанды талдауға арналған «Хроматэк-Кристалл 5000.2» хроматографы игерілу үстінде.

Бақылау зертханасы үшін қысым төмен болғанда фракциялық құрамды автоматты талдағыш HERZOG HDV 632 сатып алынды.

Тауар зертханасы үшін:

  • бензиндердегі марганецтің құрамын анықтауға арналған AANALYST 400 жалынды атомдауышы бар атомды-абсорбциялық спектрометр;

  • мұнай негізді кез келген сұйық отынның, біздің жағдайда ТС-1 ұшақ отынының, термиялық тотығуын қауіпсіз зерттеуге арналған JFTOT 230 MARK авиациялық отындардың термиялық тотығу тұрақтылығын талдағыш;

  • бром санын анықтауға арналған РОТ-51 үйектелген алдын ала күшейткіші бар АТ-510-10 автоматты потенциометриялық титратор сатып алынды.

Санитарлық зертхана үшін сулардағы оттектің химиялық тұтынылуын, фенолдар мен мұнай өнімдерінің құрамын анықтауға арналған екі спектрофотометр СФ-2000, екі ФЛЮОРАТ және сулардағы оттектің химиялық тұтынылуын анықтауға арналған «Термион» блогы сатып алынды.

ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты талаптарына сәйкес келуіне қатысты аккредиттелген Сынау орталығы ТББ-ОЗЗ базасында құрылып, жұмыс істейді.

Аккредиттелген Сынау орталығының болуы біздің зертханаларымыздың базасында «ПМХЗ» ЖШС шығаратын өнімнің сәйкестігін растау кезінде (сертификаттау және декларациялау) сынаулар жүргізуге мүмкіндік береді.

Санитарлық зертхана Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіндегі ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес келуіне қатысты 2012 жылғы 05 қарашадағы № KZ.И.14.1343 аккредиттеу аттестатына ие болды