Ауысым қызметкерлері мен күндізгі кесте жұмыскерлерін кәсіпорынның орталық өту жолы мен зауыт басқармасы ғимаратында қазақтың ұлттық киімдерін киген сұлулар қарсы алды.
Бұл үшін киіз үй мен ұлттық ыдыс-аяқтарды безендіру элементтері бар этно бұрыштар жасалып, онда тәттілер мен бауырсақтар ұсынылды.
Домбырашы орындаушылар да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Зауыттың 14 негізгі бөлімшесінің өкілдерін жинап, «ПМХЗ» ЖШС бас директоры қатысушыларды құттықтап, барлық игіліктер тілей отырып, салтанатты шараны бастады.
ПМХЗ-нің әр өндірісі, цехы мен бөліміне кәсіпорын әкімшілігі техникалық үзілістерде дәм татқызды.
Бұл күні дәстүрлі тағамдар баршаға зауыт аумағындағы асханаларда ұсынылды.
Қош келдің, әз-Наурыз!
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттер: Михаил Брюховец