2024 жылдың 20 сәуірінде елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұмысшылары «САМАЛ» орталығының аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Қажетті құралдармен жабдықталған зауыт қызметкерлері ағаштардың қурап қалған бұтақтарын кесіп, орталық аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ балаларға арналған алаңдар боялып, 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Бұдан бөлек, орталықтың бос жатқан аумақтарында зауыт қызметкерлері ағаш отырғызды. Науқан шеңберінде 4 қарағай көшеті мен 6 түп бөртегүл егілді.
Сенбілікке 2 дана арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко