2024 жылғы 16 сәуірде
жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының (ЖҚМЦ) №19 әкімшілік-тұрмыстық корпус
ғимаратында АҚ және ТЖ бөлімі ғимаратта өртті сөндіру бойынша оқу дабылын
өткізді. Оған «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ
қауіпсіздігі отрядының, «ПМХЗ» ЖШС қызмет көрсететін «Медикер-өнеркәсіптік
медицина» ЖШС медициналық қызметінің жұмыскерлері қатысты.
Оқу - жаттығу барысында авариялық қызметтердің қызметкерлері өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады, цех басшылары - персоналды эвакуациялауды жедел ұйымдастырды. Бұл ретте құтқару бригадасы цех ғимаратында эвакуацияланғандарды сапқа тұрғызу кезінде есептелмеген жұмыскерді табуы тиіс еді.
Оқу-жаттығуларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 5 бірлік өрт техникасы, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының 1 бірлік газдан құтқару қызметі техникасы, «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметінің жедел жәрдем автокөлігі, сондай-ақ ғимараттағы қызметкерлер қатысты.
Мұндай іс-шаралар персоналдың өрттерге ден қою дайындығын арттыруға, ал авариялық қызметтерге төтенше жағдайларға ден қою дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко