Павлодарлық мұнайөңдеушілер футболдан ПМХЗ Кубогы үшін таласты
20.10.2025
11 просмотров
Биылғы күздің жарқын спорттық оқиғасы - ПМХЗ құрылымдық бөлімшелері арасында өткен футбол турнирі. Бұл спорттық шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Екі күн бойы спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, нағыз командалық рухты нығайтты.
Кубок үшін күрес өте қызуға түсті! Турнирге 12 команда қатысты. Командалар 11 негізгі және 7 қосалқы ойыншыдан құралды. Финалдық ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
• Жеңімпаз әрі ПМХЗ Кубогы иегері - Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) командасы
• Екінші орын иегері - Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) командасы.
Жеке ойыншылардың жетістіктері де назардан тыс қалмады. Турнирдің үздік ойыншылары анықталды:
• Никита Вакула - үздік қақпашы
• Бағдат Уразалиев - үздік қорғаушы
• Владимир Носков - үздік шабуылшы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға үздік ойын және жеңіске деген ынтасы үшін алғысымызды білдіреміз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Бейнетүсірілім, монтажы –Мадина Олжабаева