«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
18.09.2026
3 просмотров
Асланбек Байкеновтің алтыны және ордені: ПМХЗ қызметкері Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстанды дәріптеді Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкері Асланбек Байкенов Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кубогы мен алтын медалін  туған қаласына алып келді. Ұлттық спорт түрлерін танымал етудегі ерекше спорттық жетістіктері мен үлесі үшін жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының тазалаушысы Асланбек Байкенов «Құрмет» орденімен марапатталды! 
Астанада Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. 
«Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын, қуанышымның шегі болмады! Мен бірінші кезекте сыйлықты суретке түсіріп, суреттерді отбасым мен зауыттағы ұжымыма жібердім. Үйде барлығы қатты қуанды, ал жұмыстағылар керемет жылулықпен қарсы алды: әріптестер мен басшылық барлық жарыстарда мен үшін үнемі жанкүйер болып отырады», - дейді Асланбек.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 4 қыркүйегінде Чолпон-Али қаласының ипподромында біздің әріптесіміз 3200 метрге ең қиын Стайер жарысында жеңіске жетті. Берил Рейсер (Beryl Racer) атты асыл тұқымды ағылшын жылқысымен дуэтте Асланбек әлемнің жеті елінен 12 ең мықты қарсыласын жеңді. Айтпақшы, бұл жалғыз жетістік емес: 2024 жылы Астанада өткен V Көшпенділер ойындарында дәл осы атпен атақты жокей 2400 метр қашықтықта бірінші болды. Осы жеңісі үшін ол өзінің алғашқы мемлекеттік марапатын — «Ерен еңбегі үшін» медалін алды».

Зауыт әріптесімізді ерекше мақтанышпен қарсы алды. Асланбек Байкенов өндірістегі жұмысты кәсіби ат спортымен табысты ұштастырып, ұлттық дәстүрге адалдығын көрсетеді. Алда жаңа көкжиек тұр: Асланбек 2028 жылы Татарстанда өтетін VII Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады.

Асланбек Байкеновті «Құрмет» орденімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

 «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі 
Фотосуреттерді Асланбек Байкенов ұсынды 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу