«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Павлодар мұнайхимия зауыты мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және мынадай процесстерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

  • мұнайды электрмен сусыздандыру және тұзсыздандыру;
  • мұнайды алғаш айдау;
  • нафтаны, керосинді және дизел отынын, вакуумдық газойльді гидротазарту;
  • каталитикалық риформингі;
  • каталитикалық крекинг;
  • нафта сплиттері
  • изомерлеу
  • газбен фракциялау;
  • мұнай битумдарын өндіру;
  • кокс өндіру.
  • Күкірт өндіру

Павлодар мұнайхимия зауытының жобалық қуаты – жылына 6 млн. тонна. Мұнайды алғашқы өңдеу өндірісі бойынша негізгі технологиялық процесс ЛК-6у –құрама қондырғысында жүргізіледі. Оның артықшылығы өндіріс циклінің толық және мынадай қондырғылар жиынтығының болуында:

  • 100-Секция – ЭЛОУ-АТ;;
  • 200/1-Секция – нафтаны гидротазарту;
  • 200/2-Секция – каталитикалық риформингі;
  • 300/1- Секция дизель отынын гидротазарту^
  • 300/2-Секция – керосинді гидротазарту;
  • 400-Секция – газбен фракциялау;

Мұнай өңдеу сапасын одан әрі тереңдете түсу мақсатымен зауытта КТ-1 мазутты тереңдете өңдейтін  бірегей кешен салынып, іске қосылған. ТМД-да бірінші салынған бірегей қондырғысының құрамына:

  • 001-Секция – мазутты вакуумды айдау;
  • 100-Секция –вакуумды газойлді гидротазарту;
  • 200-Секция –каталитикалық крекинг;
  • 300-Секция – абсорбциялау және газбен фракциялау.
  • 100-секция –түтін газдарын кәдеге жарату қондырғысы кіреді.

Ауыр фракцияны тереңдетіп өңдеу мақсатында зауытта мынадай қондырғылар жұмыс істейді:

  • Битум өндіретін қондырғы (мазутты вакуумды айдау блогынан және тотықтыру колонналарынан тұрады);
  • мұнай коксін алуға арналған баяулатып кокстеу қондырғысы, ректификация, реакторлық және бу өндіру секциясы қондырғыдан тұрады.

Зауытты модернизациялау кезінде метилдиэтаноламиннің сулы ерітіндісін қалпына келтіріп, күкірт өндіретін жаңа құрама күкірт өндірісі салынды.

Сондай-ақ, модернизациялау аясында К-4 класына сәйкес келетін автомобиль бензинін шығару үшін зауытта төмендегі қондырғылар салынды:

  • нафта сплиттері қондырғысы;
  • жеңіл нафтаны изомерлеу қондырғысы;
  • • Автоматты бензин  араластыру станциясы.

Өнімнің сапасын бақылауды заманауи жабдықтармен жабдықталған, Орталық аппараттың зертханасы жүргізеді, оның құрамына бірнеше бөлімше кіреді:

  • тауарлық;
  • бақылау;
  • санитарлық;
  • зерттеу.