«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Экологиялық бағалау

Экологиялық бағалау деп көзделіп отырған және жүзеге асырылатын қызметті немесе әзірленіп жатқан құжатты іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал тікелей және жанама елеулі әсерін анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау үдерісі түсініледі.
Экологиялық бағалаудың мақсаты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, көзделіп отырған қызметті немесе әзірленіп жатқан құжатты іске асыру туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті материалдарды дайындау болып табылады.
Түрлері бойынша экологиялық бағалау Экологиялық кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Экологиялық бағалау түрлері

Бағалау мәніне байланысты экологиялық бағалау мынадай түрлерде жүргізіледі:
- стратегиялық экологиялық бағалау;
- қоршаған ортаға әсерді бағалау;
- трансшекаралық әсерлерді бағалау;
- оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау.

2023 жылы «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мынадай жобалар бойынша экологиялық бағалаудан өтті:

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау:
- «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС сұйылтылған көмірсутекті газдарды тазарту қондырғысын салу;
- «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ге МТӨӨ КТ-1 майлы газ компрессорлық жайының (1 және 2 іске қосу кешендері) жаңа компрессорларын орнату.

1. Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау:
- МБӨӨ газ компрессорлық жайының ПК-301, ПК-302, ПК-303, ПК-304, ЦК-201, ЦК-301 компрессорларын автоматтандырудың заманауи жүйесін енгізу;
- БАЖ цехының АКС К-2, К-3, К-4, К-5 компрессорларын ауыстыру;
- МБӨӨ С-100, С-200, С-300, С-400 тұйық контурында коррозиялық белсенділігі төмен салқындатқыш сұйықтықты пайдалана отырып, сорғы жабдығының салқындату жүйесін өзгерту;
- №16, №23 және №28 теміржол жолдарын күрделі жөндеу;
- №22 және №22А теміржол жолдарын күрделі жөндеу;
- №26 және №27 теміржол жолдарын және №2 теміржол жолын күрделі жөндеу;
- БӨА аспаптарын жаңғырту және «DeltaV» автоматтандыру жүйесін енгізу;
- ЖРЖ орнату арқылы технологиялық ағындарды салқындату жүйесін жаңғырту;
- №5 күкірт өндірісі жабдықтарының техникалық жай-күйін мониторингтеудің стационарлық жүйесін жарақтандыру;
- 29-3 паркінің Р-1 және Р-2 сұйыққоймаларын қайта жабдықтау;
- мұнайды терең өңдеу өндірісін жаңарту;
- тауар-шикізат паркінің (ТШП) автоматты өрт дабылы және автоматты өрт сөндіру жүйесін жаңарту;
- күкірт өндірісінің С840 күкірт түйіршіктеу қондырғысын жаңарту;
- сервистік компаниялар жұмыскерлерінің кіруі/шығуы үшін бақылау-өткізу пунктін салу;
- ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің битум шығару қондырғысының пешін салу;
- I биологиялық тазарту жүйесінен кейін ағынды суды сүзу станциясын салу;
- МБӨӨ (ЛК-6У) және МТӨӨ (КТ-1) ТП АБЖ техникалық қайта жарақтандыру;
-ЛК-6У және КТ-1 технологиялық пештерін техникалық қайта жарақтандыру;
- ЭЛОУ блогінің ЭГ-160 электрдегидраторларын техникалық қайта жарақтандыру;
- шығарындыларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін орнату.

Жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша I санаттағы объектілерге әсер етуге 2023 жылғы 10 сәуірдегі № KZ15VCZ03216544 экологиялық рұқсат алынды.