Тауар-шикізат парктері (ТШП) ТШП зауытта өндірілетін шикі мұнай мен тауар өнімдерін қабылдауға, жинақтауға және сақтауға арналған. Тауар-шикізат парктері пайдалануға 1978 жылы енгізілген.
Сұйылтылған газдар паркі (СГП) ) кәсіпорында өндірілетін сұйылтылған газдарды қабылдауға, сақтауға, паспорттауға және құюға арналған. Сұйылтылған газ паркінің жобасы Грозный қ. «Грозгипронефтехим» институтымен әзірленген.
Сұйылтылған газ паркі ЛК-6у іске қосу кешені 1 кезегінің құрамында 1978 жылы пайдалануға енгізілген
Ол жалпы сыйымдылығы 8000 м3 болатын 28 сыйымды ыдыс, 30 теміржол цистерналары СКГ үшін эстакадасы бар.
Автоматтандырылғын бензин араластыру торабы (АБАТ) Ол зауыттың технологиялық қондырғыларында өндірілген бензин компоненттерін алуға, жинауға, қосуға арналған (каталитикалық риформинг, каталитикалық крекинг, изомерлеу). Компаундирлеу АИ-92-К4, АИ-95-К4, АИ-98-К4 экологиялық класының К-4 экологиялық класстағы автомобиль бензиндерін шығару мақсатында 2017 жылы іске қосылған автоматты бензин араластыру станциясында жүзеге асырылады.
Реагент шаруашылығы Ол концентрацияланған реагенттерді қабылдауға және сақтауға, реагент ерітінділерін дайындауға және зауыттың технологиялық қондырғыларын реагенттер мен техникалық майлармен қамтамасыз етуге арналған. Нысан 1978 жылы пайдалануға берілген.
МКТӨ мұнай өнімдерін құю-қотару эстакадасы мұнай өнімдерін тауарлық-шикізат парктерінен және ингибирлеу қондырғысы бар сорғылық қосылыстардан теміржол және автомобиль цистерналарына құюға, кәсіпорынға темір жолмен мұнай өнімдерін ағызуға, сондай-ақ ақаулы теміржол цистерналарынан мұнай өнімдерін қотарып алуға арналған. Мұнай құю және қотару эстакадасы 1978 жылы пайдалануға берілді.