«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Битум шығару қондырғысы (БШҚ)

Битумдарды шығару қондырғысы (БШҚ) мұнай қалдықтарын өңдеуге және жоғары сапалы мұнай битумын алуға арналған. 1979 жылы пайдалануға енгізілді.

Қондырғы жобасын «Грозгипронефтехим» институты «Ростгипронефтехим» институтымен бірлесіп Уфа қаласының мұнай өңдеу жөніндегі Башқұрт ғылыми-зерттеу институтының (БашҒЗИ) ұсынымдары бойынша орындады.

Битум шығару қондырғысының жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрады. Қондырғы гудронды (мазутты) өңдеуге және жоғары сапалы түрлі маркалы: жол, құрылыс, оқшаулау және жабын битумын алуға арналған.

БШҚ технологиялық үдерісінің негізі - битумның осы маркасына дейін колонна түріндегі аппараттарда (фр.>500 °С) шайырды тікелей үздіксіз тотығу әдісі болып табылады. Қондырғы мазутты вакуумды айдау блогі мен битум блогінен тұрады.

Мазутты вакуумды айдау блогі битум блогінің шикізаты – гудронды алу мақсатында вакуумда тазарту әдісімен мазутты өңдеуге арналған.

Битум блогі тотықтыру колонналарында гудронды оттекпен тотықтандыру арқылы битум алуға арналған

Баяулатып кокстеу және бу өндіру  қондырғысы (БКжәнеБӨҚ)

Баяулатып кокстеу қондырғысы ( БКҚ) 1986 жылы пайдалануға енгізілген. Гудронды қайта өңдеу қуаттылығы жылына 600 мың тонна және жиынтық кокс шығару 120 мың тонна 21-10/9М типті баяу кокстеу қондырғысы Уфа қ. «Башгипронефтехим» институтымен әзірленген.

2015 жылы қондырғы жаңартылды. Жаңартылғанна кейінн шикізаттың жобалық қуаты жылына.

Баяу кокстеу қондырғысы мұнай коксін өндіруге арналған, кокстен басқа, қондырғыда мыналар алынады:

  • зауыттың отындық қажеттіліктеріне пайдаланылатын кокстеу қою газы;
  • автомобиль бензинінің компоненті;
  • жеңіл және ауыр кокстеу газойлі ЛК-6у; кешені С-300/1 шикізатының компоненті ретінде пайдаланылады.
  • ауыр кокстеу газойлі – отын мазуты компоненті.

Қондырғының шикізаты ретінде БШҚ вакуум блогының немесе КТ-1 кешенінің 001 секциясының (фракция > 500 °С) гудроны пайдаланылады.

Коксті алудың технологиялық процесінің негізіне К-1 колоннасындағы кокстеу газдарын кейінгі ректификациялай отырып, 460-490°С температурада кокс камераларындағы гудронның термиялық крекинг әдісі алынған.

БКжәнеБӨҚ бу өндіру секциясында  қысым 1,4 МПа және  300 ° C болатын су буын шығаруға арналған БМ-35РФ типті кәдеге жарату жылу қазандығы қолданылады. Өнімділігі - 50 т / сағ.

Апаттық газ торабы

Апаттық газ торабы (АГТ) алау құбырларымен бірге одан әрі пайдалану немесе жағу үшін газды және газ конденсатын жинау, қысқа мерзімді сақтау, сығымдау және қайтару үшін қолданылады. Технологиялық қондырғылар мен жалпы зауыттық шаруашылық объектілерінен газ апаттық газ торабына алау коллекторлары арқылы жеткізіледі. Коллекторлардан шығатын атқылау газы конденсат ұсатқыштары арқылы өтеді, онда газ конденсаты бөлініп шығады, содан кейін қалдық газ газ ұстағыштарға, компрессорларды қабылдау үшін газ аккумуляторларына немесе гидравликалық қысымтығын арқылы алауға түседі.

Зауытты модернизациялау аясында зауыт қондырғыларынан көмірсутегі мен қышқыл газдарының апаттық шығарындыларын жинауға, сұйық көмірсутектерді ұстап қалуға және шығарылған газдарды алауда қауіпсіз күйдіруге арналған E911 алау жүйесі іске қосылды.

E911 алау жүйесі келесі блоктардан тұрады:- бір алау коллекторынан (бұдан әрі - жалпы алау коллекторы), алау сепараторларынан және екі алау біліктерінен тұратын технологиялық және көмекші қондырғылардан көмірсутегі шығарындыларын жинаудың жалпы жүйесі;

- бір алау коллекторынан, алау сепараторларынан және екі арнайы алау біліктерінен тұратын барлық күкіртсутегі газдарының шығарындыларын жинайтын арнайы алау жүйесі;

- жалпы алау коллекторындағы қысымнан төмен және бір алау коллекторынан, бір алау сепараторынан тұратын көмірсутегі шығарындыларын жинауға арналған төмен қысымды алау жүйесі.

Бұл жүйенің алау тіректері жалпы алау жүйесінің бағанасы болып табылады.