«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan


Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЗШ)

Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы 2017 жылы пайдалануға берілді. Төмендегі қондырғылардан тұрады:

Қышқыл ағындарды булау секциясы (С-500/С-600)

С-500 / С-600 қышқыл ағын булау секциясы кәсіпорын қондырғыларынан қышқыл суды жинауға, одан көмірсутек қалдықтарын бөлуге және одан кейін қышқыл суды булау колоннасында өңдеуге (стриппинг үдерісіне) арналған. Стриппинг үдерісінің мақсаты қышқыл судан, қышқыл газдар, аммиак (NH3) және басымды күкіртсутектен (H2S) - 60-65% массаны. және қайта пайдалану үшін тазартылған су алу болып табылады. Бөлімнің жобалық қуаты – сағатына 79 тоннаны құрайды.

Аминді қалпына келтіру секциясы (С-850)

Аминды қалпына келтіру (C-850) секциясы зауыттың технологиялық қондырғыларынан келетін қаныққан аминді қалпына келтіруге арналған, содан кейін қалпына келтірілген амин гидротазарту қондырғыларына қайтарылады, ал күкірт өндіру секциясында күкірт алу және құйырлы газдарды тазарту (А- 710) секциясы шикізаты болып табылады. Секция екі бір біріне ұқсас аминді қалпына келтіру блоктардан тұрады. Қондырғының қуаттылығы жылына 2890 мың тоннаны құрайды. .

Күкірт өндіру және құйырлы газдарды тазарту секциясы

Күкірт өндіру және құйырлы газды тазарту (А710 Siirtek Nigi) секциясы газсыздандырылған сұйық күкіртті алу үшін қышқыл газдарды аминді қалпына келтіру (C850) секциясы және қышқыл ағынды булау (C500 / C600) секциясынан өңдеуге арналған, одан әрі - күкіртті түйіршіктеу блогында түйіршікті күкірт (С840)-жоғары сапалы өнімдер шығарылады.

Күкірт өндіру және құйырлы газды тазарту секциясының (A710) жобалық қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайды.

Күкіртті түйіршіктеу және қаптамалау С 840 секциясы

Күкіртті түйіршіктеу және қаптамалау C840 секциясы соңғы тауарлық өнім ретінде сферификалық түріндегі қатты түйіршіктер алу үшін A710 күкірт өндіру секциясынан түсетін сұйық күкіртті түйіршіктеуге арналған. Күкіртті түйіршіктеу және қаптамалау секциясының өнімділігі жылына 72000 тоннаны құрайды.

Жалпы зауыттық шаруашылығының объектілері

ЖЗШ объектілері:

          Е910 жаңа технологиялық қондырғылар мен сұйыққоймалардың өрт сөндіру жүйесі жаңа технологиялық қондырғыларда өрт сөндіруді қамтамасыз етеді.