«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

«ПМХЗ» ЖШС - Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ірі өндірістік кәсіпорын, оның негізгі қызметі мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру болып табылады.

Мұнай өңдеу кәсіпорындары- отын-энергетикалық ресурстардың, оның ішінде жылу мен электр энергиясының ірі тұтынушылары. Мұнайды өңдеу процестерінде оларды қолданудың тиімділігі мен ұтымдылығы көбіне технологиялық жабдықтың жұмысымен анықталады.

Күн сайын өсіп келе жатқан климаттың өзгеруі проблемасының маңыздылығы парниктік газдар шығарындыларына мұқият назар аударуды қажет етеді.

Климаттың өзгеруінің саласындағы қызметтіміздің басым бағыттары - бұл парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуді арттыру.

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау кезінде көміртек реттеуге қатысты тәуекелдерді тиімді басқару және біздің кәіпорынның қызметіне байланысты тікелей және жанама парниктік газдар шығарындыларын бағалау маңызды аспектілер болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің құрылымына және салаға қойылатын талаптарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын келесі критерийлер бойынша бағалаймыз:

- көмірсутегі отынының жануымен, өндіріс объектілерінің жұмысымен және технологиялық шығындармен байланысты парниктік газдардың тікелей шығарындылары;

- жанама электр энергиясын, жылуды, буды, салқындатуды тұтынумен байланысты жанама энергия шығарындылары.

«ПМХЗ» ЖШС 2020-2024 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша шаралар әзірленді. Іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру ластаушы заттардың, парниктік газдардың, атмосфераға шығарындыларының төмендеуіне әкеледі.