«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Жалпы ақпарат: 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы жетекші заманауи кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Табиғат қорғау іс-шараларын стратегиялық жоспарлау және іске асыру экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған даму мен ұмтылыстың негізгі постулаты болып табылады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы мынадай стратегиялық мақсаттарды басшылыққа алады:
- қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
- ресурстарды үнемдеу, өндірістік үдерістердің энергия тиімділігін арттыру және парник газдар шығарындыларын азайту;
- экологиялық құзыреттілікті арттыру және жұмыскерлердің экологиялық тәуекелдерді қысқарту, экологиялық менеджмент жүйесін жақсарту бойынша қызметке тартылуын арттыру.

Экологиялық көрсеткіштер

Ескертпе – парник газдар шығарындыларының нақты көлемі болжамды болып табылады, түпкілікті көлемі парник газдарды түгендеу туралы есепті әзірлеген және верификациялағаннан кейін белгіленеді.

Экологиялық заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені азайту мақсатында кәсіпорын жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды іске асырады. 2023 жылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары 6,1 млрд. теңгені құрады.