«ПМХЗ» ЖШС өндірістік экологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес жүргізеді.
Өндірістік экологиялық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорынның экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының көрсеткіштеріне және қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін ақпарат алу;
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
- өндірістік процестердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін барынша азайту;
- табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
- төтенше жағдайларға жедел әрекет ету;
- кәсіпорынның басқарушылар мен жұмыскерлерінің экологиялық ақпараттандыру мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру;
- кәсіпорындардың экологиялық қызметі және халықтың денсаулығына қауіп-қатер туралы халықты ақпараттандыру;
- экологиялық талаптарға сәйкестік деңгейін арттыру;
- қоршаған ортаны басқару жүйесінің өндірістік және экологиялық тиімділігін арттыру;
- инвестициялау және несиелеу кезінде экологиялық тәуекелдерді ескеру.
Өндірістік экологиялық бақылау кәсіпорын әзірлеген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі - белгіленген жиілікте объективті мәліметтер алу үшін жүргізілетін өндірістік экологиялық мониторинг.
Өндірістік экологиялық мониторинг өндірістік экологиялық мониторинг бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаның өндірістік мониторингін «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
Өндірістік экологиялық мониторинг келесі объектілерді қамтиды:
- «Сарымсақ» қоймасының жер үсті сулары;
- «Сарымсақ» тазартылған сарқынды су қоймасы мен қатты тұрмыстық қалдықтар қоймасының айналасында, өндірістік алаңда және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан бақылау ұңғымалары желісі бойынш жерасты суы;
- «Сарымсақ» қоймасына жіберілген тазартылған ағынды су;
- өндірістік алаңдағы және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауа;
- шығарынды көздерінен шығарылатын өнеркәсіптік шығарындылар;
- қатты қалдықтар жинақтауышы және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасы топырағы;
- радиациялық бақылау;
- кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы физикалық факторлар.
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері тоқсан сайын «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ-не есеп түрінде жіберіледі.