ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
1. «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың Индустриалдық-инновациялық саясатына және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың даму стратегиясына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2014-2018 жылдарға арналған Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы әзірленген болатын, онымен осы жерде танысуға болады.
2. «ПМХЗ» ЖШС-ТЕГІ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ.
Кәсіпорында өнертапқыштықты жандандыру және одан әрі дамыту мақсатында тиісті ереже әзірленген болатын.
3. «ПМХЗ» ЖШС-ТЕГІ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ.
3.1 2013 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған «ӨНЕРТАПҚЫШ.КЗ» республикалық сайысқа қатысу.
Қолданысқа енгізілген жаңашыл ұсыныстардың тақырыптары: «Соташық тығыздағыштарын жаңғырту жолымен шарлы шығыранды қайта жаңарту» (ашу бейнеролик) және «рН көрсеткішін реттеу торабын монтаждау арқылы ЖЭО-3 қайтарылатын бу конденсатының санын ұлғайту» (ашу бейнеролик) тақырыптары сайыс жеңімпазы атанды.
«ҚМГ-ҚМ» АҚ «Өнертапқыштықты қолдаудың ең үздік жүйесі» номинациясында жеңімпаз атанды.
Республикалық сайыс финалына шыққан авторларға «ҚМГ-ҚМ» АҚ-тың бас директоры Д.С. Тиесов инновациялық мәдениетті және өнертапқыштық қызметті дамыту ісіне қосқан үлесі үшін грамоталарды табыс етті.
3.2 2015 жылы бірыңғай жастар саясатын іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастырған жас мамандардың ең үздік инновациялық жобалары сайысына қатысу.
Сайысқа инновациялық жобаларын ұсынған жас мамандар қатысты. «ПМХЗ» ЖШС-тен 6 автор қатысты, солардың ішіндегі 2 тақырып: «Мұнай қоқырын кірпіш жасауда пайдалану» және «Сорғылар мен басқа құрал-жабдықтардағы қозғалтқыштарға амперметрлерді міндетті түрде орнатуды қолданысқа енгізу бойынша ұсыныс финалға шықты, ал «Мұнай қоқырын кірпіш жасауда пайдалану» тақырыбындағы инновациялық жоба авторы №11 цех ОЗЗ ТББ бақылау зертханасының химиялық талдау зертханашысы Айкерім Мұхаметрахымқызы Изуева жеңімпаз атанды.
3.3 Жас мамандардың «KAZENERGY» ЗТҰ VIII Жастар форумына қатысуы және инновациялық жобалар бойынша баяндамалармен шығуы.
3.4 «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған «Ұлттық инновациялар сайысына» қатысу.
Сайысқа Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарынан 150 өнертапқыштық ұсыныс тақырыбы қатысты.
«ПМХЗ» ЖШС-тен 5 ең үздік өнертапқыштық ұсыныс тақырыбы ұсынылды, солардың ішінде 1 тақырып: «Құбыр шоқтарының жиектеуіші» тақырыбы финалға шығып, «Жылдың ең үздік өнертапқыштық шешімі» номинациясында 2 орынға ие болды. Осы өнертапқыштық ұсыныс авторлары: №3 цех С-001 қондырғысының механигі Амангелді Түркменбайұлы Сабиров пен №59 цех құрал-жабдықты қабылдау бөлімінің жалпызауыттық шаруашылық объектілерінің құрал-жабдықтары мен материалдарын жиынтықтау жөніндегі жетекші инженері Евгений Анатольевич Трусов ҚР Инвестициялар және дамыту министрі Әсет Исекешевтен грамоталар мен 1 500 000 теңге мөлшеріндегі сыйлық сертификатын алды.
4. ИДЕЯЛАР БАНКІ
Жаңашыл идеяны барынша ашық және дұрыс бағалау мақсатында «ҚМГ-ҚМ» тобы үшін барлық жаңашыл ұсыныстар бойынша ашық режимде жұмыс істейтін «Идеялар банкі» деп аталатын ортақ автоматтандырылған дерекқор құрылды. Ол ішкі қызметкерлермен бірге сыртқы: студенттердің, ғалымдардың және т.б. кез келген сипаттағы, ауқымдағы және күрделілігі әр түрлі пайдалы жаңашыл ұсыныстарые жинауға, тіркеуге және бағалауға мүмкін береді. Әрбір идея егжей-тегжейлі сараптамалық бағалаудан өткізіліп, кәсіпорын мүдделеріне сәйкестігі тексерілетін болады. Өнертапқыштық және қолданысқа енгізуге жарамды болып танылған ұсыныстардың авторлары мөлшері пайдалылық және тиімділік деңгейіне сәйкес келетін біржолғы төлеммен марапатталатын болады. «Идеялар банкіне» өз өтініміңізді осы жерде бере аласыз.
5. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ СЫНАУ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША БАҒЫТТАР
1) Су-технологиялық конденсатты электрмен тотықтандыру арқылы тазарту мүмкіндігін зерттеу.
2) Мұнайдың ауыр фракцияларын экологиялық таза мотор отындарына крекинг жасау катализаторларын әзірлеу.
3) Сұйылтылған көмірсутекті газдан ароматты көмірсутектерді алу мүмкіндігін зерттеу.
4) Өнеркәсіптік ағынды суларды толық тазарту және тұщыландыру мүмкіндігін зерттеу.
5) Атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындыларды азайту үшін отандық катализаторларды пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
6) Сұйыққойма түбінде жиналған мұнай қоқырын кәдеге жарату.
7) Кокстеу шикізатын металсыздандыру және күкіртсіздендіру.
ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
1. «Энергоменеджмент жүйесі» ISO 50001-2011 халықаралық стандартын енгізу
«ПМХЗ» ЖШС ISO 50001-2011 талаптарына сәйкес энергоменеджмент жүйесін әзірледі, сондай-ақ 2013 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында сертификаттау аудитін жүргізіп, TUV Turingen халықаралық сертификаттау органында сәйкестігін растады.
2. Энергоаудит.
ҚР «Энергия сақтау және энергия тиімділігі арттыру» Заңының 16 бабына сәйкес, мемлекеттік мекемелерден басқа, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң күшіне енген күннен бастап төрт жыл ішінде , энергоаудит жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыларды алуы тиіс.
«Axens KGNT Energy Efficiency» компаниясы «ПМХЗ»ЖШС-нда 2014 жылғы 29 қыркүйектен 2015 жылғы 31 тамыз аралығында энергоаудит жүргізді. Жұмыс қорытындылары бойынша 2016-2020 жылдарға арналған «ПМХЗ»ЖШС энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленіп, бекітілді.
3. 2010-2015 жылдар аралығындағы кезеңде орындалған іс-шаралар.
1) ЛК-6У қондырғысының П-101, П-102, П-201, П-202, П-203, П-301/1, П-301/2 пештеріндегі отын жанарғыларын ауыстыру;
2) Баяулатып кокстеу қондырғысы (БКҚ): Н-10 сорғыны ауыстыру;
3) П-401 кәдеге жарату қазандығындағы экономайзер мен ауақыздырғышты ауыстыру;
4) П-402/1 кәдеге жарату қазандығының беттерін ауыстыру;
5) Орталық конденсат станциясы (ОКС): ЖЭО-3-ке айдалатын бу конденсатының рН түзетуге арналған қондырғыны монтаждау;
6) Зауыттың бу тұтынатын қондырғыларында конденсатбұрғыштарды орнату;
7) ЛК-6У кешенінің КУ-101, КУ-201 кәдеге жаратушы қазандықтардағы будың рН түзетуге арналған қондырғыны монтаждау;
8) КТ-1 кешенінің П-101 және П-102 пештеріндегі газ және сұйық отынын есепке алу аспаптарын, П-601/2 пешіндегі сұйық отынды есепке алу аспабын орнату;
9) Технологиялық құрал-жабдық пен құбырларды жылытуды будан жылуландыру суына ауыстыру;
10) БШҚ П-1 пешінің отын жанарғыларын ауыстыру;
11) Технологиялық құрал-жабдықтағы оқшаулағышты ауыстыру;
12) Қыздыру лампалары бар шамдарды жарықдиодты лампаларға ауыстыру;
13) Электр желідегі реактивті қуаттылықты автоматтық реттеуіші бар статикалық конденсаторлар батарейлерін орнату;
14) Ауа-компрессорлық станциясының компрессорларын майлаусыз пайдалану үшін қайта жабдықтау;
15) Пеште отын газының шығынын есепке алу аспаптарын орнату.
4. 2010-2015 жылдар аралығындағы кезеңге арналған «ПМХЗ» ЖШС энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы (энергия аудиті қорытындылары бойынша)
1) Алауда жағудан болатын ысырапты қысқарту;
2) Пештерден шығатын газдарында О2 құрамын азайту;
3) Қазандықта ауа мәжбүрлі түрде берілетін жанарғыларды орнату;
4) Пештердің шегендігін ауыстыру:
– ЛК-6У қондырғысының П-201, П-202, П-204, П-301/1,2 пештері;
– КТ-1 қондырғысының П-601/2 пеші;
– Баяулатып кокстеу қондырғысының П-1/1,2, П-2 пештері;
5) БКҚ шығарылған газдарын отынның жануына келіп түсетін ауаны қыздыру үшін пайдалану;
6) Бу желісінің ысырмаларының жылуын оқшаулау;
7) Конденсатбұрғыштарды орнату және ауыстыру;
8) Жылу желілерін баптау;
9) «ПМХЗ» ЖШС-тен Сарымсақ жинақтаушы-көліне дейінгі ағынды сулардың жер асты құбырын монтаждау;
10) Битум шығару қондырғысының жылуалмастырғыштары сұлбаларын оңтайландыру (пинч-талдау);
11) ЖРЖ (жиілікті-реттеу жетектері) қолданысқа енгізу;
12) Реактивті қуаттылықтың орнын толтыруға арналған құрылғыларды (РҚОҚ) қолданысқа енгізу.