«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Суды тұтыну және су бұру : 

Өз қызметінде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС су тұтыну көлемін қысқартуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, суды қайта және айналымда пайдалануды ұлғайтуға, ағынды сулардың сапасын арттыруға және табиғи су объектілеріне әсерін барынша азайтуға ұмтылады.

Су ресурстарын басқарудың негізгі принциптері:
1. Біз судың адам өмірі мен денсаулығы үшін, қоғам үшін және біздің өндірістік қызметіміз үшін ең жоғары құндылығын түсінеміз және елдің су ресурстарына ұқыпты және ұтымды қараудың маңыздылығын сөзсіз қабылдаймыз.
2. Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындап қана қоймай, халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес келуге, сондай-ақ қатысу өңіріндегі барлық мүдделі тараптардың пікірін ескеруге тырысамыз.
3. Біз тұщы суды сақтау және оны басқару шешімдерін қабылдауда және операцияларды басқаруда тиімді пайдалану мәселелерін қарастырамыз.
4. Су тікелей алынғанына немесе делдалдар арқылы сатып алынғанына қарамастан, біз су қабылдаудың бастапқы көздерін түсінеміз және бағалаймыз.
5. Біз ауыз судың сапасын өндірістік мақсатта пайдаланбауға тырысамыз.
6. Біз су алу мен су бұруды жүз пайыз аспаптық есепке алуға ұмтыламыз.
7. Біз су айналымы және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы тұщы су алуды барынша азайтуға және ықтимал қайта пайдалану үшін суды тазарту сапасын арттыруға ұмтыла отырып, төгінділер көлемін азайтуға ұмтыламыз.
8. Біз салалық қауымдастықтарға қатысу және су ресурстарын басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру үшін озық тәжірибені зерттеу мақсатында Халықаралық су ресурстары бастамаларын қолдау арқылы әлеуетті арттырамыз.

м3/тонна мұнай өңдеуде кәсіпорынның жеке (өндірістік)
қажеттіліктері үшін үлесті су тұтыну

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС тазартылған сарқынды сулардың 60% - дан астамын өндірістік қажеттіліктерге қайтаратын мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады.
2023 жылы тазартылған сарқынды суларды қайтару 3 438 мың м3 (70%) құрады.

м3/тонна мұнай өңдеуде ластанған суларды тазартусыз
немесе жеткіліксіз тазартылған жер үсті су қоймаларына
үлесті су бұру

2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
0,0 0,0 0,0