Павлодар мұнайхимия зауыты жастар үшін кәсіпорын аумағында таныстыру экскурсияларын ұйымдастырып, өндірістік алаңдарды көрсетті. Сондай-ақ оқушылар мен студенттер зауыттың мұражайы мен оқу орталығында болды.
2026 жылғы 4 сәуірде «№2 ОРМБЖМ» спорт кешенінде (бұрынғы «Автомобилист») Әуесқой баскетбол лигасы облыстық чемпионатының финалдық матчы өтті. Шешуші ойында ПМХЗ және HERMITS командалары кездесті. Кәсіпорынымыздың командасы лайықты қарсыласқа небәрі 3 ұпай айырмашылығымен есеп жіберіп, екінші орынды иеленді.
«Мұнайшы» командасы Павлодар облысының командалары арасында өткен шағын футбол жарысында лайықты ойын үлгісін көрсетіп, жеңіске деген жігерлігінің арқасында екінші орынға ие болды.
Жыл сайын наурыз айының соңында бүкіл әлем экология мәселелеріне, соның ішінде климаттың өзгеруі мен жарықпен ластануға назар аударту үшін бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын өшіреді.
ПМХЗ жұмысшылары тұрақты түрде біліктіліктерін шыңдап, кәсіби дағдыларын дамытып отырады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмысты ПМХЗ оқу орталығы — персоналды оқыту және дамыту бөлімі жүргізеді. Орталықтың жаңа бастамасы — зауыт жұмыскерлерін C5+O.N.E. (Opening Networks Through English) халықаралық бағдарламасы бойынша тегін оқыту конкурсы туралы ақпараттандыру болды. Нәтижесінде ПМХЗ-ның жеті маманы іріктеуден сәтті өтіп, бағдарлама қатысушысы атанды.