«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
02.03.2017
242 просмотров

Өндіріс ардагері, № 11 цехтың тауарлық зертхананың (зауыттың орталық зертханасы) 5-ші разрядты химиялық талдау лаборанты. 

24 ақпанда № 11 цехтың тауарлық зертхананың (ЗОЗ) 5-ші разрядты химиялық талдау лаборанты Татьяна Кибартасты зейнет демалысына шығарып салды. Кәсіпорында 29 жыл бойы адал еңбек еткен қызметкерге алғысын білдіру үшін орталық зертханада оның әріптестері мен басшылары жиналды: «ПМХЗ» ЖШС персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директор Алтын Имантаева, ЗОЗ бастығы Татьяна Охим, тауарлық зертхананың бастығы Татьяна Крахалёва.

Татьяна Юрьевна – «ПМХЗ» ЖШС сынау орталығының біліктілігі жоғары маман. Оның міндеттерінің аясы – шығарылатын өнімнің жария етілген сапасын растау үшін оған сынақ жүргізуге қатысу, бұған сертификаттау, декларациялау және сапаны растау кіреді.

Зауытта жұмыс істеу мерзімі ішінде Татьяна Юрьевна өзін жақсы жағынан ғана танытты, ол тапсырылған жұмысты сапалы әрі уақтылы орындайтын тәртіпті және жауапты қызметкер. Тауарлық зертхананың қызметкерлері арасында Татьяна Юрьевна лайықты құрметке ие. Лаборант өзін білімін тұрақты жетілдіріп отыратын тәжірибелі маман ретінде көрсете білді. Айталық, 2003 жылы Татьяна Юрьевна өндірістен қол үзбей, Павлодар химия-механикалық колледжін «мұнай мен газды өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. 

Лаборант Кибартастың басты жетістіктері деп 2007 – 2008 жылдары тауарлық лабораторияны жаңартуға белсенді қатысуын атауға болады. Татьяна Юрьевна сол сәттегі лабораториялық жабдықты жауапкершілікпен қабылдап, қызығушылықпен игерді: сұйық мұнай өнімдері мен газдарда күкіртті сутек пен меркаптандық күкірттің құрамын анықтау үшін автоматтандырылған потенциометрикалық титраторлар, жанған кездегі отынның жылуын анықтау бомбалық калориметр. Сондай-ақ, ол жабдықтарда зерттеудің жаңа әдістерін жасап шығарды, тауарлық лабораторияның қызметкерлеріне жабдықты дұрыс пайдалануды және заманауи аспаптарда сынақ жүргізудің әдістемесін үйретті.

Өзінің кәсіби және жеке қасиеттерінің арқасында Татьяна Юрьевна жас мамандар үшін үлгі болып табылады. 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
Жұртшылықпен байланыс бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу