«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Өңдеу көлемінің ұлғаюы аясында ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендету «ПМХЗ» ЖШС-нің қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға бағытталған мақсаттарының бірі болып табылады.

Атмосфералық ауаға әсерді азайту жөніндегі негізгі шаралар зауытты модернизациялау шеңберінде жүзеге асырылды.

Жаңа Күкірт өндіру кешенінің пайдалануға берілуі күкіртті қайта өңдеуді (түйіршіктеуді) арттыруға, сонымен қатар өнімдердегі күкірт мөлшерін азайтуға мүмкіндік берді. Бұл автомобильдерден шығатын газдардағы ластаушы заттардың азаюына және елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасының жақсаруына әсер етті (К4 бензиніндегі күкірт зауыт жаңартылғанға дейін өндірілген отынға қарағанда 10 есе аз).

Жаңғыртудан кейін тазартылған мұнай көлемінің ұлғаюына қарамастан, күкірт диоксиді шығарындылары азайды. Төмендеу зауыттың жанармай желісіне қайтарылған алаудағы жағылған газ көлемінің ұлғаюына төменддеу есебінен газдар көлемінің азаюына байланысты болды.

Кәсіпорында «ПМХЗ ЖШС шығарындыларын басқару жөніндегі саясатты» бекітілді және қолданылады (мына жерде таныса аласыз). Ұзақ мерзімді жоспарлар мен жол карталары әзірленді, олар басқалармен бірге атмосфераға шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді.

Осы іс-шаралардың бірі - ашық мұнай өнімдеріне арналған автоматтандырылған нүктелік құю қондырғысын (АНҚҚ) салу. Бұл қондырғы қолданыстағы құю эстакадаларда көмірсутектердің шығарындыларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бизнестің экологиялық мәселелерге қатынасы оның имиджін, тұрақты жұмыс және даму мүмкіндігін анықтайды, сондықтан біз қоршаған ортаға, оның ішінде атмосфералық ауаға әсерін төмендететін жобаларға қаражат салуды жалғастырамыз.