Әлеуметтік саясат зауыттың персоналға барлық кепілдіктер мен жеңілдіктерді ұсыну бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық көлемде жүзеге асыруына мүмкіндік берген кәсіпорынның табысты экономикалық дамуын көрсетеді. «ПМХЗ»ЖШС және еңбек ұжымы арасында Ұжымдық шарт қабылданған.
Еңбек кодексінің еңбекақы төлеу жөніндегі барлық талаптары мұқият орындалуда. Зауыт еңбек жағдайы зиянды кәсіпорын болып табылады және кәсіпорынның үздіксіз жұмыс циклын ескере отырып:
Зауытта еңбекақы төлеу, демалу тәртібін және қосымша әлеуметтік жеңілдіктердің берілуін реттемелейтін жергілікті нормативтік актілер, соның ішінде еқбекақы төлеу туралы, еңбек демалыстары туралы, материалдық көмек көрсету туралы ережелер әзірленіп, бекітілді.
«ПМХЗ»ЖШС жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау туралы ережеге сәйкес 2010 жылғы қаңтардан бастап жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер тізбесі неғұрлым кеңейді:
Зауыт зейнеткерлеріне көмек көрсетуге, мәдени-спорттық іс-шараларды, жұмыскерлер мен балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға қаражат көзделген.
Зауытта персонал еңбегі, тұрмысы мен демалысы үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Персоналды ыңғайлы автобустар жұмысқа жеткізеді. Жұмысшылардың барлығы сапалы арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылған.
Кәсіпорында денсаулық сақтау орталығы жұмыс істейді. Зауыттың жұмыскерлері емді алуға және олар үшін ыңғайлы уақытта өндірістістен қоль үзбей қажетті зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар. Қабылдауды тәжірибесін мол білікті дәрігерлер жүргізеді. Жедел жәрдем бригадасы құрамында реаниматолог және фельдшерлер бар, олар тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Сауықтыру пункті жедел және шұғыл медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектер және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Пульсооксиметр, дефибриллятор, электрокардиограф, вакуум шиналары, оттегі аппараты, тыныс алу аппараттары, реанимациялық сөмке сияқты барлық заманауи жабдықтармен жабдықталған реанимобиль бар.
Денсаулық сақтау орталығында қосалқы және емдеу-диагностикалық кабинеттер бар:
Зауыт қаражаты есебінен жыл сайын денсаулығына зиянды, қауіпті өндірістік факторлар әсер ететін жұмыскерлер алдын алу-медициналық тексеруден өткізіледі. Кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша аурушаңдықтың алдын алу және азайту, санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді. Жаңа айқындалған аурулары бар жұмыскерлердің барлығы қажетті тексеруден және емделуден өтеді. Зауыт жұмыскерлерінің медициналық сақтандыру бағдарламасы амбулаториялық және стационарлық, стоматологиялық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздейді.
Кәсіпорынның барлық бөлімшелері дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету үшін медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларымен қамтамасыз етілген.
Зауыт жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесіне олардың «Нефтехимик» профилакторийінде сауықтырылуы кіреді. Жыл сайын бұнда 400-ге жуық жұмыскер мен олардың отбасы мүшелері сауықтырылады.
Шипажай 62 орынға арналған, физиотерапевтік бөлімшесі, мейрамханасы, жылумен және сумен емдеу бөлімдері бар спорттық-сауықтыру кешені, емдік дене шынықтыру кабинеті, жаттығу залы, фитнес-залы, аэробика залы, саунасы, хауызы бар.
Профилакторий мен денсаулық сақтау пункті дәрігерлерінің тығыз байланысы кәсіпорын жұмыскерлерін сауықтыру жұмысын тиімді жүргізуге ықпал етеді.
Зауыт қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Кәсіпорынға қоғамдық тамақтандыру қызметтерін мердігерлік кейтерингтік компаниясы көрсетеді. Асханалар қажетті жабдықтар, ыдыстармен жарақталған,тағамдардың түржиынын кеңейту, сапасын арттыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Жұмыскерлерге арнайы кәсіби білімі бар білікті мамандар қызмет көрсетеді. Асханаларда тамақтану технологиялық режіммен белгіленген кестелер бойынша жүргізіледі.